» » Анасы мен қызына арналған киімдер

Анасы мен қызына арналған киімдер

Қазірде анасы мен қызының бірдей киінуі сәнге айналды. Ол киім үлгілері әр алуан болып келеді. Солардың бірін назарларыңызға ұсынамыз. Жазғы күнделікті образ: Бұл екі образ анасы мен қызын аса нәзік әрі сұлу етіп көрсетіп тұр. Қыз бала табиғатынан нәзікжанды болып келетіндіктен, мұндай фактурада тігілген көйлек одан сайын әсем етіп көрсетеді. Сол себепті жазғы көйлек таңдауда гүлді, жүрек принтті матаға назар аударыңыз. Денеге жабысып тұрмайтын, бостау келетін көйлектер серуенге, бақшаға не сауда орталығына қыдырып баруға өте қолайлы. Бұл коллаждағы екінші суреттегі түстер биылғы жаз маусымының трендті түстері саналады. Сол себепті көйлек болмаса да, аксессуар таңдауда көк түсінің реңктеріне назар аударыңыз. Ал үшінші үлгі ең нәзік нұсқа. Ол әсіресе аққұба, сарғыш аруларға жарасады. Гипюр матадан тігілгендіктен, оны аса ыстық емес күні кигеніңіз абзал. Кешкі жиын образы: Гипюр матадан тігілген көйлек былтырғы және биылғы маусымның тренді болып келеді. Сол себепті тойға, кешкі жиынға көйлек алғыңыз келсе, суреттегідей үлгідегі гипюр ақ матадан тігілген көйлекті таңдауыңызға болады.  Қыз бала қашанда анасына жақын болатындықтан, кішкентай кезінен бастап анасының биік өкшелі туфлиін, көйлектерін киіп көруге ынтық болады. Баланың сол арманын орындау үшін шеберханаға осындай сәнді көйлектерге тапсырыс беріп, қуантуыңызға болады. Суреттегі былғары көйлекті образды жұмсарту үшін стилистер өкшесі жоқ аяқ киім таңдады. Расында да былғарыдан жасалған белдемше, көйлек киетін болсаңыз биік өкшелі туфлиден аулақ болыңыз. Сізге бұл идея ұнады ма?
26 сәуір 2018 ж. 4 762 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 422
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 229

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930