» » Әйелдің қанша аяқ киімі болуы керек?

Әйелдің қанша аяқ киімі болуы керек?

Әйелдің қанша аяқ киімі болуы керек?
Әйелдер қауымының көпшілігі өзінің ең бірінші аяқ киімі мен қол сөмкесіне баса назар аударады. Себебі бұл екі дүниені нәзік жандылардың айнасы деуге де болады. Ең бастысы сәннен қалмай киіну емес, жарасымдылық пен үйлесімнің орын алуы. Дегенмен, стилистердің айтуынша, әйелдер қауымының киіміне сәйкес және жыл мезгілдеріне қарай кем дегенде сапалы және сәнді 10 аяқ киімі болу керек екен.
1. Үйге арналған аяқ киім.

Үйге арналған сүйретпе өте ыңғайлы және жылы болуы керек. Алайда әйел үйде де әдемілікті сақтай білгені дұрыс. Үй аяқ киімінің сәнді, атлас матадан тігілгені және аздап өкшесінің болғаны жөн. Сонымен қатар киіміңізбен үйлесім табатынын таңдап, жыл мезгіліндеріне қарай ауыстырып отырған дұрыс.2. Туфли.
Туфлиді тартымды көрінудің айнымас құралы деуге болады. Оның былғары, лакталғанын алып қойсаңыз, кеңседе де, арнайы кештерде де назардан тыс қалмайсыз.3. Өкшелі етік.
Өкшелі етікпен джинс, белдемше, көйлек, плащ, күртеше немесе ішікпен де кисеңіз, нәзік те сымбатты көрінесіз. Сонымен қатар, биік өкше бойды ұзартып, денені тартымды көрсетеді және биік өкшені киген әйелдің жүрісі де әдемі көрінеді.4. Жай табанды етік
Аяқ киімнің сәнді болуы сені өзгертіп отырады және аяқ киім сәні де үнемі өзгеріп отырады. Дегенмен, жай табан етік әрбір әйелде болуы тиіс. Себебі, ол ешқашан сәннен шықпайды әрі аяққа ыңғайлы. Сонымен қатар қыста қармен жүруге де таптырмайды және аяқты биік өкшемен көп талдыруға болмайды.5. Спорттық аяқ киім.

Спорттық аяқ киім әйелдің нәзіктігін айшықтамағанымен спорт залда, табиғатқа шыққанда кию үшін қажет болады. Қазіргі таңда мұндай аяқ киімнің неше түрлісі бар. Өзіңізді тартымды ететін, әдемі көрінетін түрін таңдап алуыңызға болады.6. Ботильон.

Бұл аяқ киім түрі көрер көзге сізді тартымды етіп және денені ықшамдап көрсетеді. Шалбармен де, қалың колготки, ұзын белдемшемен де жарасып кете береді. Ерте көктем мен күз мезгілінің тартырмас аяқ киімі деуге болады. Бұл аяқ киімнің де түрі өте көп. Талғамыңызға сай таңдай аласыз.7. Ашық сүйретпе (вьетнамка).

Бұл аяқ киім түрі де ешқашан сәннен қалмайды. Аяққа өте ыңғайлы әрі өзіңді еркін сезіне аласың. Оларды түріне қарай жағажайға да, мерекелік кешке де кие аласыз. Бастысы аяқ мүсініңізді көрсетіп, тартымды ете түседі.8. Балетка мен мокасин.


Дүкен аралауға, қала көшелерін серуендеуге тартырмайтын ыңғайлы аяқ киім. Бастысы оны кез келген киіммен кие аласыз. Көктемнің соңынан бастап күз айына дейін киюге болады. Бүгінде оның материал мен түрі өте көп. Қалауыңызға қарай таңдай бересіз.
9. Жеңіл аяқ киім (босоножки). 

Жаз мезгілінде мұндай аяқ киімнің бірнешеуін алсаңыз да артықтық етпейді. Жеңіл аяқ киім өзінше бір аксессуар болып саналатындықтан, оны басқа киімнің түсімен сәйкестендірудің аса қажеті жоқ.10. Сабо.
Табаны қалың және өкшесі биік, жеңіл жаздық аяқ киім жаз мезгілінде сіздің сымбатыңызды айқындайтын аксессуар. Мұндай аяқ киіммен назардан тыс қалуыңыз мүмкін емес.
11 сәуір 2018 ж. 6 826 1

JeaCold от 17 ақпан 2019 20:29
Amoxicilline Et Angine Rouge Propecia 10 Years Testosterone Levels dosis maxima de kamagra Order Tadacip Online Cialis Achat En Pharmacie Propecia Acidos

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031