» » Шашақ – 2018 жылғы көктем-жаз мерзімінің басты тренді

Шашақ – 2018 жылғы көктем-жаз мерзімінің басты тренді

Біреулер бұл трендті 20-жылдардағы «Ұлы Гэтсби» жарқырауымен сәйкестендірсе, басқалары шашақты бохо стилімен немесе 70-жылдардағы сәнмен байланыстырады. Ал үшіншілері  шашағы бар пончоны (жамылатын сырт киім) көріп, бірден үндістерді елестетеді.
Бұрын шашақ нақты ортасы бар кей адамдардың гардеробында ғана кездессе, қазір оны танымал дизайнерлер өз киімдеріне қолданады. 2018 жылдың көктем-жаз топтамасында шашақ көп қолданылған.
Шашағы бар көйлек
2018 жылғы көктем-жаз мерзімінде етегі шашақпен безендірілген пончо-көйлектер көп кездесті. Шашақтың түр-түрі бар, ол кез келген ұзындықтағы және кез келген материалдан (былғары, күдері, жібек, мақта жіп) жасалады. Шашақ этникалық сарында (Valentino) немесе готикалық стильде (Givenchy) де әдемі көрінеді.
Шашағы бар белдемше
Сәндегі соңғы трендтің бірі – шашағы бар белдемше. Белдемшенің шашағы бірнеше қабатпен орналасқан түрін немесе бір өте ұзын жіптерден тұаратын түрін таңдаған жөн. Шашағы бар сәнді белдемшені кэжуал стиліндегі футболкамен және свитермен, сонымен қатар қатаң стильдегі жакет пен жейделермен үйлестіруге болады. Оны кроссовкамен де, туфлимен де кисеңіз жаарсады.
Шашағы бар топ пен жакет
Шашақпен тек көйлектер мен белдемшелерді безендірмейді, сонымен қоса оны топтар мен жакетттер, свитерлер мен пиджактарға да қолданған.
Шашағы бар аяқ киімдер мен аксессуарлар
Шашаққа деген тренд аксессуарлар, сөмкелер, белбеулер және аяқ киімдерге де тарады. Жіптермен және басқа да элементтермен безендірілген кәрзеңке сөмкелер мен рюкзактар – осы мерзімнің сәтті сатып алынатын заты. Оның салтанатты түрлері де бар, мысалы, подиумдардан шашағы бар шағын сөмкелер мен клатчтар кездесті.
Подиумдарда модельдердің шашағы бар аяқ киіммен көрінуі көктем-жаз мерзімінде салпыншағы бар туфли, шәркей және басы ашық аяқ киімдер сәнде болатындығын білдіреді.
13 ақпан 2018 ж. 2 814 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 063

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031