» » Әр әйелде болуы керек 10 сөмке

Әр әйелде болуы керек 10 сөмке

Сөмкесіз жүре алатын әйелдер кемде-кем. Нәзік жандылардың кейбірінің үйінде өмірдің барлық жағдайларына арналған сөмкелердің бүтін бір топтамасы да бар. Бірақ солардың оны ғана гардеробтың негізін құрап, әр әйелде болуы керек.   Бірінші кезекте, бұл классикалық қара сөмке. Бұндай сөмке ешқашан сәннен шықпайды және күнделікті өмірде қажетті болып қала береді.   Табиғи сарғыш түсті сөмке – кез келген киімге жарасатын тағы бір әмбебап сөмке. Бұл да күнделікті өмірге өте қолайлы.   Сонымен қатар, гардеробыңызда міндетті түрде күнделікті ұстауға арналған клатч болуы керек. Бұл кішігірім сөмкеге тек қажет дүниелер – кілт, әмиян, телефон ғана сияды. Кейде қыздарға бұдан артық ештеңе де қажет болмайды.   Металл түсті минодьер – бұл сөмке сізге тойға немесе жиын-кештерге барғанда қажет болады. Сондықтан алдын ала қамданып алғаныңыз жөн.   Сasual стиліндегі сөмке – жағажай, саябақта серуендегенде немесе құрбылармен кездесуге барғанда таптырмас нұсқа.   Иыққа іліп ұстауға болатын шынжыр баулы кішкентай сөмке белсенді кеш үшін жарайды. Онымен түнгі клубқа баруға болады.   Егер топтамаңызда Hermès, Birkin немесе Kelly винтаж сөмкесі болса, тіпті керемет. Бұл сөмкелерді отбасылық жәдігер етіп, кейін қызыңызға немесе немереңізге де сыйлауға болады.   Көңіл күйіңізді көтеру үшін гардеробыңыздан түрлі-түсті сөмке де табылуы керек. Ал біртүсті жарқын сөмке күңгірт киімдер кигенде бейнеңізді сұйылту үшін қажет болады.   Және, ең соңында, макси-сөмке. Мұндай көлемді аксессуар да сәннен қалмайды және өзіңізбен бірге көп нәрсе алып жүруге мүмкіндік береді.
26 сәуір 2018 ж. 1 769 1

JeaCold от 9 наурыз 2019 07:01
Finpecia Fast Delivery Overnight Canadian Torsemide viagra online Keflex Allergic Reactions Comprar Cialis Gibraltar

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031