» » ҰЛТТЫҚ БОЛМЫС КИІМНЕН КӨРІНСЕ

ҰЛТТЫҚ БОЛМЫС КИІМНЕН КӨРІНСЕ

«Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек» бұл өлең жолдарын естігенде тек өткен ғасырлардағы бойжеткендер елестейді. Сұлу да сымбатты, тал бойына жараса кеткен сол бір бүрмелі көйлегі, қыпша беліне тұра қалған қамзолы, шашына таққан шолпысы, басындағы сәукелесі мен аяғына киген саптама етігі бәрі-бәрі жарасымды. Осылай суреттелген қыздарымызды тек жырлардан ғана естіп, көз алдымызға елестетіп жатамыз.
Табиғат төсінде еркін ғұмыр кешкен ата-бабаларымыз қазақтың ұлттық киімдерін нақышына келтіріп ою-өрнекпен безендендіріп, өздерінің дәулетіне қарай киініп отырған. Қазіргі күні тек сахна мен теледидардан көріп жүрген ұлттық киімдеріміз шынайы өмірден алыстап бара жатқандай. Тек Наурыз мейрамы мен ұзатылып бара жатқан қыздарымыздан  ұлттық нақыштағы киімдерді көруге болады. Әрине, сәукеле мен кең етек көйлекті киіп алып көшеде жүруге тиістіміз деп жатқанымыз жоқ. Тек соны заман талабына сай етіп өзгертіп неге кимеске? Неге мектеп формалары мен кеңсе қызметкерлеріне, балабақшалар мен жоғарғы оқу орындарына да  қазақи ою-өрнектермен безендендірілген және заманауи үлгідегі киімдерді ұсынбасқа. Кешкі көйлектермен қатар сыртқы киімдерге де қазақтың көптеген оюларын қолданғанымыз да дұрыс. Иә, осы айтылғандарды заман талабына сай бейімдеп, өңдеп,  жаңашалап жатқан қаншама қандастарымыздың еңбегін жоққа шығаруға да болмас. Қазіргі күні қаншама сән орталықтары мен академиялар осы мәселе төңірегінде қазақи үлгідегі киім тігу жұмыстарын атқаруда.
– Қазіргі күні тігіншілікпен айналысып келе жатқаныма 34 жылдың жүзі болды. Ұлттық киім ұмыт қалды деп айта алмаймын. Барлығы кимесе де, әжелеріміз ұмыт қалдырған емес. Қазір жастарымыздан гөрі апаларымыз өздерінің тілімен айтқанда «қазақша» көйлекке сұранысты арттырып отыр. Қашанда мен көрген әжелер   ақ жаулығы мен қамзолын, аяғындағы мәсісін тастаған емес. Жас аналар да  бүлдіршіндеріне қазақы көйлектер мен сәукелелерге  тапсырыс беріп жатады. Өкініштісі, тек мейрам күндеріне орай ғана, – деп ағынан жарылды- тігінші Ғ.Айекенова.
– Негізі ұлттық киімдерді мектепте болсын, балабақшада болсын  іс-шара барысында немесе мейрамдарда ғана іздеп кетеміз ғой жасыратыны жоқ. Кейде ойлайсың қазақы оюы бар, түрлі әшекейлермен безендендірілген көйлек пен бұйымдарды жұмысқа да тағып барған қандай жарасымды. Кезінде апа-әжелеріміз бен қыздарымыз қазақы нақыштағы бұйымды қандай керемет етіп үйлестіріп таққан. Қазіргі күні де сол ізді неге жалғастырмасқа? Әрине, аяқ сүрінетін көйлек пен сәукеле киіп жүру міндетті емес. Қазіргі сәнге үйлестіріп, өзгертіп киген әсте дұрыс. Қазақтың оюларында шек жоқ. Жейделердің жағасына, көйлектердің етек-жеңіне ойып тұрып салынған оюларға қызықпайтын кісі жоқ. Әсіресе, қыздар қауымы осындайға үйірміз ғой. Осы жағы ауданымызда да қарастырылса екен, – дейді аудан тұрғыны М.Ермекбаева.
Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ұлттық киімдерімізді  көзіміздің қарашығындай сақтап қалу –біздің парызымыз.
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ.
17 ақпан 2018 ж. 3 644 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 063

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031