» » Тәлімі мол тәрбиеші

Тәлімі мол тәрбиеші

БАЛА – БІЗДІҢ КӨЗ ҚУАНЫШЫМЫЗ, БАҚЫТЫМЫЗ. БАР ЖАҚСЫЛЫҚ БАЛАЛАРҒА БОЛСА ДЕЙМІЗ. 2-3 ЖАСҚА КЕЛГЕНДЕ БІЛІМНІҢ АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫ САНАЛАТЫН БАЛАБАҚШАҒА ӘКЕЛЕМІЗ. АЛ МҰНДА БҮЛДІРШІНДЕРГЕ БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРУШІ ТӘРБИЕШІЛЕРГЕ ТАПСЫРАМЫЗ. СОНДАЙДА БАЛАМЫЗҒА ТӘЛІМ БЕРЕТІН ЖАННЫҢ БІЛІКТІ, БІЛІМДІ БОЛҒАНЫН ҰНАТАМЫЗ. РАСЫНДА ДА ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ ІСІНДЕ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІ ЕРЕКШЕ.
Біздің ауданда да мамандығын мақтанышым деп білетін тәрбиеші жандар жетерлік. Солардың бірі – Бақыт Сармолдина. Ол №5 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының білгені мен көңілге түйгені мол, тәжірбиелі тәрбиешілерінің бірегейі.
Бала тілін жақсы түсінетін, жүрегі кең, педагогикалық шеберлігі жоғары, білімді де білікті тәрбиеші осы өлкенің тумасы. Кент орталығындағы №105 мектептен білім алып, Орал қаласындағы М.Өтемісұлы атындағы педагогикалық университетте оқиды. Алғашқы мамандығы бойынша 1988 жылдан бастап Жаңажол ауылындағы №107 мектепте, Ш.Уәлиханов атындағы №26 мектепте, Қызылтам стансасындағы №79 негізгі мектепте ұстаздық етеді. Кейіннен Жамбыл облысына қарасты педагогикалық колледжде «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығын меңгеріп, 2010 жылдан бастап аталған балабақшада тәрбиешілік қызметін бастайды.
– Тәрбиеші мамандығы – ең қызықты мамандықтардың бірі. Өйткені тәрбиеші ретінде балалармен жұмыс істеу үлкен бақыт. Тәрбиешінің басты мақсаты – баланың шығармашылық қасиеттерін дамытып, жан-жақты қалыптастырып, дүниетанымын кеңейту. Біз күн сайын кішкентай бүлдіршіннің әлемді біле бастайтынын, үйренетінін көреміз. Бала жетістікке жетсе, біз олармен бірге қуанамыз. Тәрбиешінің бойында көңілді жүру, даналық, ашықтық, мейірімділік қасиеттері болуы тиіс. Ал заманауи тәрбиеші – балаға психолог, әртіс, дос, тәлімгер болғаны жөн. Ең біріншіден тәрбиеші – баланың тілін білу керек, баламен бала бола білу керек, – дейді Бақыт Егембердіқызы.
Адам баласының өмірде шын бақытты болуының бір белгісі өз мамандығын адаспай таба білуінде болса керек. Әрине мамандықтың бәрі жақсы. Алайда өз кәсібіне шын берілген адам ғана абыроймен атқарған еңбегінен рахат табары анық. Мектептегі ұстаздық қызметті балабақша тәрбиешілігіне алмастырған Бақыт Сармолдина еш өкінбейтінін алға тартты. Себебі ол баламен жұмыс жасауды бақыт санайды.
– Бүлдіршіндерді мадақтап, олардың еңбектерін бағалау – біздің басты мақсатымыз. Шығармашылық жұмыс жасағанда үнемі өз-өзіңді жетілдіру үшін жаңа формаларды, жаңа материалдарды, жаңа әдістерді қолдана білу қажет. Тәрбиеленушінің шығармашылық әлеуеті тікелей тәрбиешінің шығармашылық әлеуетіне байланыс­ты, сондықтан шығармашылық қиялдың дамуына көп көңіл бөлу керек. Мен барлық күш-қуатымды әрбір балаға махаббат пен түсіністік айналасын құруға бағыттаймын, өйткені бұл даралықты ашуға көмектеседі. Бала – өмір гүлі. Мен үшін балаларға өзімнің қажет екенімді сезінгеннен асқан бақыт жоқ. Бұл мамандықтың қызығы мен қиындығы мол. Өмір жолымды осы мамандықпен өрбіткеніме өкінбеймін. Себебі тәрбиеші ретінде ел ертеңіне үлес қосудамын, – дейді Бақыт Сармолдина.
Жақында тәрбиешінің «Шағала» тобында өткен «Анама сыйлық» атты сабағына куә болдық. Бұл сабақ «Шебер қолдар» үйірмесіне негізделген. Тәрбиеші іс-шараны бастамас бұрын қылығы тәтті балаларды жылы шыраймен қарсы алып, мейіріммен қабылдап алды.
Одан соң балалар сабақ жоспарына сай гүлдерді қағаз бетіне жапсырып, жүрекше дайындап, гүл шоғын бояп, қимылды жаттығумен 8 санын безендірді. Анаға арналған теңеулерді айтып шықты. Тәрбиеленушілер өз аналарына сыйлықты зор ықыласпен дайындады. Қол моторикасын дамытуға, анаға деген сүйіспеншілікті нығайтуды мақсат еткен сабақ жоғары дәрежеде өтті. Бастысы бүлдіршіндер қолдан бұйым жасап үйренді. Бұл сабақтан кейін біздің де тәрбиеші қауымға деген құрметіміз еселей түсті.
Балабақшада тәрбиеші, отбасында аяулы ана, ардақты жар бола білген ол ұл-қыз өсіріп, өрісін кеңейткен. Бала жанының бағбаны бүгінде өзі де 3 немере тәрбиелеп отырған ардақты әже.
Тағы бір байқағанымыз, Бақыт Егембердіқызы әр баланың жүрегіне ерекше мейірімділікпен жол таба біледі. Оның білімі мен біліктігі балаларды Отансүйгіштікке, адами қасиеттерге тәрбиелеу ісінде айрықша көрініс табуда. Әрбір үйдің тентегін тезге салып, еркелігін көтеріп, оған бағыт-бағдар беріп, жанына жылу сыйлау – екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Сондықтан да кейіпкеріміздей тәлімді тәрбиешілер көп болса дейміз.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ

26 ақпан 2022 ж. 755 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031