» » Бала жанының бағбаны

Бала жанының бағбаны

АДАМ ӨМІРІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН БАҚЫТ – БАЛА ӨСІРІП, ОНЫ ТӘРБИЕЛЕУ. БҮГІНГІ БАЛА – ЕЛІМІЗДІҢ ЕРТЕҢІ, БОЛАШАҒЫ, ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ЖАЛҒАСЫ. АЛ БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІСІ ЖАҢА ЗАМАН БАЛАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРЫП, ДАМЫТУ ҮШІН, ЖАС ӨРЕННІҢ ІШКІ ДҮНИЕСІ МЕН ҚЫР-СЫРЫН АНЫҚТАП, МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫНА ЖАҒДАЙ ТУҒЫЗАДЫ. ЕЛ ЕРТЕҢІ ҮШІН ЕҢБЕКТЕНІП, БҮЛДІРШІНДЕРДІ БІЛІМГЕ БАУЛЫП ЖҮРГЕН ЖАННЫҢ БІРІ – ЖАМИЛА ТОҚТЫБАЕВА.
Ол №20 Толғанай бөбекжай-бақшасында тәрбиеші болып қызмет атқарады. Осы өлкенің тумасы. №183 мектептен тәлім алып, М.Мәметова атындағы колледжде білімін жетілдіреді. Одан кейін Болашақ университетінде жоғары білім алады. Бүгінде бала жанының бағбанына айналған ол 36 жылдық тәжірибесі бар білікті маман. Қазір бүлдіршіндердің ойын айтпаса да біліп тұрады.
– Тәрбиешілік мамандықтың мен үшін еш қиындығы жоқ. Өйткені бұл кәсіпті өзім таңдадым. Сондықтан күнделікті жұмысымнан ешқашан шаршаған емеспін. Қазіргі бүлдіршіндердің тілін табу оңай емес. Ол үшін баламен көп жыл жұмыс істеу қажет. Сабырлық пен шыдамдылықты серік ету керек, – дейді ол.
Жамила Тебегенқызы бүгінде №20 Толғанай бөбекжай-балабақшасының 4-5 жас аралығындағы балаларға арналған «Күн нұры» тобының тәрбиешісі. Балалардың тілін тауып, оларды ойната отырып, дамытуды бас­ты назарда ұстайды. Оларға түрлі қызықты ойындар ойнатып, бір-біріне бауыр басып, дос­тасып кетуіне көмектеседі.
– Бала тәрбиесінде ешқандай ерекшелік қажет емес. Оларға қарапайым тәрбие бере отырып, білікті де білімді етіп тәрбиелеп шығаруға болады. Мен көп жылғы тәжірибемде бір түсінгенім баланы дұрыс сөйлеуге, тазалықты сақтауға, өзінің ойыншақтарын жинауға яғни, ұқыпты болуға үйрету қажет. Балабақшада берілетін бұл тәрбиені өскен кезде ешқандай университет бермейді. Сон­дықтан бүлдіршіндердің балабақшада дұрыс тәрбие алуы маңызды. Сондай-ақ күнделікті балғындарға қызықты ойындарды көптеп ойнатуға тырысамын. Түрлі ойын арқылы баланың ойлау деңгейі көтеріліп, ойын еркін жеткізуді үйренеді. Тәрбиеші болудағы мақсатым – болашақ ұрпаққа білім берсем, саналы ұрпақ тәрбиелеуге, ел ертеңінің кемел болуына аз да болса септігімді тигізу, – дейді ол.
Тәжірибелі маманның ұзақ жылдар бойғы еңбегі елеусіз емес. Облыстық, аудандық білім бөлімінің Құрмет грамоталары, алғыс хаттарымен марапатталған. Тәрбиеленушілерінің жетістігі де жетерлік. Алайда ол ең маңыздысы марапат – ата-ананың көңілінен шығу, олардың алғысы екенін алға тартты.
– Немерем Аянаттың тәрбиешісі Жамила апайына алғысым шексіз. Өйткені немерем қазір жан-жақты, тіпті біз білмегенді біледі. Билей де, ән айтып, суретке қарап әңгіме құрастыра алады. Үйде апайына ұқсап мұғалім болады. Мұның барлығы тәрбиешісінің арқасы. Жамила Тебегенқызы ата-анамен де жақсы тіл табысып, түрлі сайыстар өткізеді. Балаларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, ілтипаттылыққа тәрбиелеуде. Өз жұмысының қыр-сырын терең меңгерген тәрбиешісіне ризашылығымды білдіремін, – дейді кішкентай Аянаттың әжесі Г.Байсалова.
Бір жерде көптеген жылдар бойы табан аудармай қызмет етіп келе жатқан Жамила Тегенқызын нағыз тәрбиеші десек жарасады. Себебі ол үйінде жүрсе де, ертеңгі күнін, бүлдіршіндермен қалай жұмыс істейтінін жоспарлап отырады. Ол балабақшада білікті тәрбиеші болса, отбасында аяулы жар, ардақты ана, сүйікті әже. Жолдасымен 1 ұл, 1 қыз өсіріп, 5 немере сүйіп отырған ардақты жан.
Мамандығына адалдық танытып, өмірін баланың шат күлкісіне арнаған ол ең бастысы алдына келген бүлдіршіндердің жүздері бақыттан бал-бұл жанып жүрсе дейді. Сондай-ақ ол саналы ғұмыры балғындарға тәрбие берумен өтіп жатқанына қуанады.

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
15 ақпан 2022 ж. 770 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031