» » Бала өмірінің бағдаршамы

Бала өмірінің бағдаршамы

Ауданда арманы асқақ, Отанға деген ыстық сезімі бар, өресі биік, мақсаты зор Тәуелсіздік құрдастары жетерлік. Солардың бірі – Әлия Ахметова. Дарынды жас бүгінде кент орталығындағы "Бал-Айым" балабақшасында тәрбиеші болып еңбек етуде.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қандай маңызды болса, балаға дұрыс бағдар көрсетуде тәрбиешінің алар орны ерекше. Әр үйдің еркесінің әртүрлі мінезін бір ортада байланыстырып, еркін сезінуін қадағалап, дұрыс жол көрсететін тәрбиеші бала өмірінің алғашқы бағдаршамы іспетті.
Әлия Бақытқызы бала күнінен мұғалім болуды армандаған жан. Мектеп табалдырығында жүргенде-ақ өзінің ұстаздарына еліктеп, осыбір мәртебелі мамандықты таңдауды ұйғарған. Арман жолында Қызылорда қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық колледжінен "бастауыш сынып мұғалімі" мамандығын алады. Ал жоғары білімін "Болашақ" университетінен "педагогика-психология" мамандығын алып шығады.
Алғашқы еңбек жолын 2013 жылы №121 мектепте "Жастар тәжірибесі" бағдарламасымен бастайды. Осы жерде жарты жылдай тәжірибе жинақтап, жұмыс істеген. Кейін "Сәтті бала" балабақшасында тәрбиешілік қызмет атқарған. 2017 жылы "Раяна" балабақшасында меңгеруші болып еңбек етеді. Ал 2019 жылы "Нұр Отан" партиясында қоғамдық жұмыстармен айналысады. Былтырдан бастап "Бал-Айым" балабақшасында тәрбиеші.
– Мектеп оқып жүргеннен-ақ "апай" боламын деп жиі айтатынмын. Тіпті бастауышта "Кім боламын?" тақырыбында шығарма жазғанда, көп ойланбай мұғалім боламын деп жазатынмын. Себебі бастауыш сынып мұғалімі болғым келетін. Бұл менің сүйіп таңдаған мамандығым. Балалармен жұмыс істеген қызық, өзіме ұнайды. Олардың үйренген әрбір дүниесіне қарап шабыттанамын, – дейді ол.
Баланың тұлға болып қалыптасуында балабақшаның алатын орны ерекше. Өйткені бұл жер баланың өмір сүретін әлемі, сонымен бірге тәлім-тәрбие алып, қоршаған ортаға деген қызығушылығы артатын орын. Ал осында қызмет атқаратын тәрбиешілер баланы жан-жақты дамытып, мейірімді, қайырымды, әдепті болып қалыптасуына атсалысады.
– Балабақша табалдырығын аттаған әрбір бала елдің тұтқасын ұстар мықты, білімді, тәрбиелі, кең ойлы азамат болуы тиіс. Ал тәрбиеші – ел ертеңіне жауапты тұлға. Баланың жанын баладай түсініп, сұрағына толық жауап беріп, білгенін үйретуден жалыққан емеспіз. Үйренемін деген балаға жан-жақты білім беруді үнемі бақылауда ұстаймыз, – дейді кейіпкеріміз.
Тәрбиеші болу жай ғана мамандық емес. Ол адам болып қалыптасудың баспалдағын қалыптастырушы, келешек ұрпақтың қоғамнан өз орнын тауып, айтар ойын еркін жеткізуге бағыт-бағдар беруші.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
25 мамыр 2021 ж. 908 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 546

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 615

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031