» » Ауылдағы ұстаздар әулеті

Ауылдағы ұстаздар әулеті

Ұрпақ тәрбиесіндегі ең ұлы қызметтің бірі – ұстаздық. Ауданда осы жолды таңдап, талай шәкіртті білім нәрімен сусындатуға сеп болып жүрген ұстаздар әулеті бар. Соның бірі – Ақжар ауылындағы Арықбаевтардың әулеті.

Әулеттің отанасы Тынышкүл Сүлейменова еңбек пәнінің мұғалімі болған. Қазірде зейнеттік демалыста. Апаның ұлы Жақсығали Арықбаев Ақжар ауылындағы №28 орта мектеп директорының бағдарлы оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметінде. Жақсығали ағаның ұлы Азамат та әке жолын қуып, ұстаздық жолды таңдаған. Ал Баршагүл Жұмағалиева Орал қаласындағы мектептердің бірінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінен бала жанына сәуле құюда. Аманкүл Арықбаева болса Алматы қаласындағы әскери колледжде қазақ тілі пәнінен сабақ береді. Ақкенже Арықбаева – ауылдағы №28 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары әрі химия пәнінің мұғалімі.
Сонымен қатар әулеттің келіндері де педагогтар. Отбасының инабатты келіні – Гүлнар Әбдрахманова физика, математика мамандығы бойынша бітірген. Бүгінде ол да ауыл мектебінде физика, математика пәнінен сабақ береді. Әулеттің тағы бір келіні – Майра Ермаханова Қызылорда қаласындағы мектептің бірінде бастауыш сынып мұғалімі. Гүлмайра Жүсіпова болса бейнелеу өнері пәнінен сабақ беретін білікті ұстаз.
Бір әулеттен осыншама ұстаз шәкірттерінің сүйіспеншілігіне, әріптестерінің құрметіне бөленіп жүр. Адамның бойында жақсы қасиеттердің болуы, өнер-білімді игеруі – өскен ортаға, сонымен бірге білім беретін ұстазға байланысты. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, ұстаздар әулеті үнемі жас ұрпақ тәрбиелеумен бірге жас мұғалімдерге де білмегенін үйретіп, бағыт-бағдар беріп отырады.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
08 қазан 2019 ж. 1 407 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031