» » Жанға қуат, дертке шипа

Жанға қуат, дертке шипа



«Жалбызды жерде жан қалар, ерменді жерде ер қалар» деген аталар сөзінің астарында үлкен мән бар. Жалбыз – ерте заманнан бері адамзаттың пайдасына жараған киелі шөп. Бүгінгідей медицина дамымаған уақытта бұл шипалы өсімдік ата-бабамызды талай ауру-сырқаудан аман сақтаған. Сондай-ақ жалбыз туралы ел аузында қалған аңыз-әңгімелер мен нақыл сөздер де көп. Солардың біріне тоқталсақ.
Лұқпан Хакімнің ұлы ойын баласы болып өсіп қалған кезінде дертке шалдығып, ішкен асы ішінде тұрмайды. Талай өлім аузындағы науқас жандарды емдеп жазған Лұқпан неше түрлі шөптен дәрі жасап емдесе де, өз ұлын жаза алмайды. Баласы қайтыс болған соң дертін білу үшін ішін жарып қараса, ұлтабарынан тобықтай тас шығады. Сырты жылтыр тасты «жалғызымның көзіндей көрейін» деп қалтасына салып алады. Лұқпан Хакім жаздың шілде күнінде ыстықтап, арықтағы суға түседі. Судан шығып киінейін десе, өсіп тұрған жалбыздың үстіне қойған қамзолының қалтасынан еріген майды көреді. Байқап қараса, қалтасындағы тас еріп жатыр. Баласы жасында ешкі майын жеп, тамақтан соң мұздай су ішкен екен. Май ұлтабарына қатып, ішкен тамағымен әрі-бері қозғалып, тасқа айналған екен. Лұқпан Хакім «жалғызымның емі сен екенсің ғой» деп жалбызды құшып, «Жалбызым, жалбызым, қасиетіңді білгенде өлмес еді жалғызым» деп жылай береді. Сол заманнан бері ел аузында бұл дәрілік шөп осындай мақал қалыпты.
Жалбыздың дәрілік пайдасы көшпенді тұрмыстан бөлек, дамыған ғасырдың медицинасында да дәлелденген. Ол вирустық ауруларды жоюға таптырмас дәрі бола алады. Бәрінен бұрын асқазан, ұйқысыздық және іш ауруын бірден жазады. Тұнбасын ауыз уылғанда, қызыл иек қабынғанда, тіс ауырғанда, баспада, жоғарғы тыныс жолдары қабынған кездері қолданып, ауызды шаяды. Суық тиген уақытта сүтке қайнатып ішсе, дереу ем болады. Тұнбасын ірілі-ұсақты іріңді жарақаттар мен қотырларға таңып тастаса, тез сауықтырады. Мұрыннан қан ағып, тоқтамаған кезде де жалбыз шөбін пайдалануға болады. Оның суын мұрынға тамызса, қан тоқтайды. Жиі терлейтін адам егер жалбызды ыстық суға демдеп, ұйықтар алдында ішетін болса, тершеңдігінен айығады. Жалбыз тіс ауруларына бірден-бір ем. Ол тіс пастасының негізгі компоненті ретінде қолданылады.
Ежелден емдік қасиетімен белгілі жалбыз жұпар иісті болып келеді. Қазақстан аумағында жалбыздың шамамен он шақты түрі бар екен. Ел арасында дала жалбызы, су жалбызы, бұйра жалбыз, кермек жалбыз, бұрышты жалбыз деген көптеп кездеседі. Ал дәрілік препаратқа пайдаланатын түрі – бұрышты жалбыз. Ол көп таулы жерлерде, өзен-көлдердің жағасында, шабындықтар мен бақшаларда өседі. Дегенмен бүгінде қасиетті өсімдікті үйден де өсіруге болады.
Сонымен қатар жалбызды косметологияда да пайдаланады. Бүгінде жалбыздан әзірленген кремдер мен лосьондар, жұпар аңқыған иіссулар жасайды. Ас әзірлеуде де жалбызды жиі қолданатындар да бар. Эфир майымен бірге қолданса, ароматерапия ретінде айналаны жағымды иіске бөлейді.
Айта кеткен жөн, жалбыз қосылған шайды қан қысымы жоғары адамдарға және 6 жасқа толмаған балаларға ішуге болмайды. Десе де, жүз аурудан астам сырқатқа ем болар жалбыздың туған мекенде өсетіні қуантады. Жанға қуат, дертке шипа болар жалбызды жинай жүріңіз.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
01 ақпан 2022 ж. 817 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031