» » Дүние-айна

Дүние-айна

Дүние-айна
Ерте ерте ертеде... Бір сұлтан үлкен сарай салыпты. Сарайдың ішін тұтастай айнамен қаптапты. Барлық бөлменің қабырғасы, асты-үсті айна болған екен.
Бір күні сарайдың ішіне сұлтанның иті жүгіріп кіріпті. Айналасына қараса, мыңдаған ит қоршап алыпты. Барлық жақтан оған иттер қарап тұр. Иттерден қорықса да, қорыққанын білдірмеу үшін тісін ақситты. Осылайша басқаларды қорқытпақшы болады. Сөйтсе, мұнымен қоса барлық иттер де тісін ақситты. Ит ырылдаса, басқа иттер де ырылдады. Енді ит басқа иттерге қарсы үре бастайды. Бар күшін салып үрді. Бір қараса, жан-жағынан басқа иттер де оның үргенінен қаттырақ үре бастайды. Ол қанша үрсе, иттер де қоймай оған үрді. 
Таңертең бөлмеге кірген сұлтан иттің өліп қалғанын көреді. Бөлмеде иттен басқа ешкім жоқ, тек қана жан-жағы айна. Ешкім де итке қарсы үрмеді, ешкім оны қорқытпады. Айналарға қарап өзін көрген ит, айнадағы өз бейнесінен қорқып, өзімен-өзі шайқасқан болды. 
Ішіңіздегі кедергілерден басқа сырттағылар еш кедергі бола алмайды. Қандай болсаңыз, айналаңызды да сондай етіп көресіз. Дүние – ішіңіздегіні көрсететін шынайы айна. 
18 сәуір 2018 ж. 1 418 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

№20 (10388)

17 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 554
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930