» » Батыс қолданатын шығыс емі

Батыс қолданатын шығыс емі

Батыс қолданатын шығыс емі
Бүгінде батыстың бәрі “медитация” практикасын сөз етуде. АҚШ-та 60-шы жылдары шығыс философиясына қайта оралып, шығыстың діни тәжірибесіне көңіл бөле бастаған. Соның нәтижесінде бүгінде медитация, йога басқа да шығыс практикаларымен айналысатын адамдар саны, орталықтар мен кітаптар көптеп пайда бола бастады. Жылдан-жылға бұл тенденция енді қазақ аудиториясына еніп келеді. Бүгінде бір Алматы қаласы бойынша 50 медитация  орталығы бар.
Батыста бұл практиканы соғыс жылдарынан кейінгі қалыптасқан ауыр жағдайдан, протестанттық этика және капитализм рухынан қашып құтылу амалдарының бірі ретінде қолданған болатын. Ол кезеңде “медитация” терминінің көп жағдайда эзотерикамен, рухани мысалмен көп байланыстырып келген. Алайда, уақыт өте келе көпшілік түсінігінде  медитация тек руханилық белгісі ретінде ғана емес, онымен қоса адам ішіндегі “қалыптарды” құрастыруға және өзіндік тану мәселесін сақтаушы құндылық ретінде қабылдана бастады.
Қазақ аудиториясына қайта айналып келетін болсақ, бұл практика бізде қолдануға лайықты ма? Сондай-ақ, қазақтарда медитация болған ба? Деректерге көз жүгіртсек, медитация осыдан мыңдаған жылдар бұрын пайда болған. Батыс дәстүрінде  мысал ретінде: исихазм болса, қазақтарда оны қазақ философиясынан таба аламыз. Оның ішінде, “Қорқыт ата” туралы аңыздағы Қорқыттың су жағасына келіп, қобызбен күй тартқандағы басқа әлем тыныштығы мен үнсіздігі – Қорқыттың медитациялық жағдайда, яғни өзін-өзі іздеу, түсіну процесінде болғанын көрсетеді. Ал медитацияның адамға пайдасына көз жүгіртейік:
1. Сара Лазар басшылығымен Гарвард Университетінің ғалымдары медитацияның ми жасушаларын қайта қалпына келтіретінін дәлелдеген болатын. Алғашқы топ күніне 27 минут көлемінде медитацияға көңіл бөлген. Екіншісі ешқандай іс-әрекет жасамайтын. Зерттеу соңында МРТ суреттері жасалған кезде екінші топтағы адамдарда ешқандай өзгешілік байқалмаған, ал бірінші топта:
  • ми жасушалары қалпына келе бастаған;
  • ми сұр заты көбейген;
  • мидың стресске қатысты реакциясын бәсендеткен
  • назарды және есте сақтауды жақсартқан
2. Иммунитетті жақсартады. Барлық ауру ең алдымен адам басында пайда болады. Ал ісік, қант диабеті т.с.с ауралардың көп жағдайда стресс кезінде көп болу нәтижесінде де пайда болатыны дәлелденген. Медитация кезінде адам дұрыс ауа жұту және шығару нәтижесінде дұрыс циркуляцияны реттесе, онымен қоса, ағзасындағы барлық стресстік ойларды ұмытады.
3. Аз ұйықтап, аз шаршауға жәрдем береді. Медитациямен айналысқан соң өзіңіздің ішіңіздегі жаңа энергияның ашылғанын сезіне бастайсыз. Сондай-ақ, ұйқыға бұрынғыдан аз уақыт жұмсайсыз. Бұл өмір сүру дағдысына да, денсаулыққа да, сіздің саналы өмір сүруіңізге де көп көмегін тигізеді.  Демек, медитация адам ағзасына оң әсерін береді. Медитация сізді тек рухани жағынан ғана емес, физиологиялық және өмірлік түсінік жағынан байытатын бірден-бір тиімді практика екенін біліп жүргейсіз.
02 сәуір 2018 ж. 1 032 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 148

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 291

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930