» » Егемендікпен елімнің берік іргесі

Егемендікпен елімнің берік іргесі

Азаттық ақ таңының арайлап атуы, Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы, бейбіт өмірдің жалғасуы – басымыздың баянды бағы. Осы бір теңдессіз сый сонау менің өмірге келген жылыммен тұспа-тұс, яғни 1991жыл. Мен Тұрмағамбет ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келдім.
Әкем – Алмабай сол ауылдың тумасы, анам – Ақжарқынмен отбасында бес бала тәрбиелеп өсіріп, ауылдағы тынымсыз тіршілікпен айналысатын еңбекқор жандар. Мектепті 2008 жылы аяқтап, сол жылы Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «физика-математика» факультетіне оқуға түстім. Оны 2012 жылы үздік дипломға тәмамдадым. Алғашқы ұстаздық жолымды Төребай би ауылындағы №199 орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі қызметінен бастадым. Мұнда 8 жыл еңбек етіп, өзіме жүктелген міндетті абыроймен атқарып келемін.
«Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет» деген Бауыржан Момышұлының керемет дана сөзін ешқашан есімнен шығарған емеспін. Ұстаздың асыл да ауыр еңбегінің мұраты білімің мен білігіңді, жылдар бойғы тәжірибеңді дұрыс жұмсай білсең ғана ақталады. Егер де қолым өз еңбегіммен қандай да бір нәтижеге жетіп жатса, онда бұл менің мамандығымның жолында тынымсыз еңбек еткенімнің көрінісі деп білемін.

«Ел іші – алтын қазына» емес пе, білімді, рухани санасы жоғары, ақпараттық технологиялық құзірет­тілікпен қамтамасыз етілген дарынды педагогтар легі де қалыптасып жатыр. Олай дейтін себебім өзім еңбек ететін мектеп уақыт талабына сай алға жылжуда. Әрине бұл көңілімізге қуаныш ұялатады. Ұрпақ тәрбиесінде сөзіңіз бен ісіңіз үйлесім тапса, ұтылмасыңыз хақ.
Қазақстан халқының 1991 жы­лы жасаған таңдауының тарихи күші – ата-бабаларымыздың, қайт­пас қайсар батырларымыздың ға­сыр­­лар бойы аңсаған еркіндік тәуелсіз елде, бір-бірімен татулықта, келісіммен бейбіт өмір сүру, кейінгі ұрпақтың жарқын болашағын құру екендігін ұмытпауымыз керек. Кешегі Желтоқсанның ызғарлы аязында әділдіктің алауын лаулатып, ел намысын ту етіп ерлік танытқан аға-әпкелеріміздің қарсылығы азаттық үшін жасалған серпінді қадам екенін әрдайым айтып отыру маңызды. Сол жастарымыздың арқасында қазақтың асыл арманы асқақ әнге айналып, өзге дербес елдермен тереземіз теңесіп, керегеміз кеңейді.
Біз қазіргі ұрпақ сол кездегі жастардың жасаған ерліктерін ешқашан ұмытпай, олардың істерін дәріптеп отыруымыз керек және Тәуелсіздіктің қиыншылықпен келгенін есте сақтауымыз керек.
Сол жылғы дүние есігін ашқан сәбилер бүгінде ордалы 30 жаста. Бала-шаға сүйген ата-аналар. Еліне адал қызмет етіп жүрген білікті мамандар. Солардың бірі ретінде мен де Қазақстан халқын айтулы мерекесімен Тәуелсіздіктің төл құрдастары атынан құттықтаймын. Еліміздің көк аспанында бейбіт құсы әрдайым қалықтай берсін.

Жаннат ҚҰЛДАНОВА,
ұстаз

18 мамыр 2021 ж. 436 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031