» » Жігерлі жас маман

Жігерлі жас маман


Ауылдық жерлердің әлеуетін көтеру үшін жыл сайын шешілуі тиіс мәселе бар. Ол – білікті маман тарту және оны тұрақтандыру. Бүгінгі таңда мамандарға мұқтаж өңірлер әлі де баршылық. Ауыл десе ат-тонын ала қашатын жастардың қарасын азайту мен ауылдағы кадр тапшылығын жоюға «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы қаншалықты үлесін қосуда? Қырдағы елдің тірлігін түлетуге жастар шынымен бара ма?

   Өткенге көз жүгіртіп санды сөйлетсек, аталған бағдарлама аясында 2009-2017 жылдар аралығында 494-ке жуық жас маман жұмысқа орналасыпты. Бұл – аудан бойынша мәлімет. Ал 2010-2018 жылдар аралығында 496 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит ұсынылып, тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Бүгінде сол бағдарламаның игілігін көргеннің бірі – Жанат Құлданова.
   Жас маман осыдан 2 жыл бұрын «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы арқылы баспанаға қол жеткізген. Ол атақты жүз шайыр шыққан киелі Тұрмағамбет ауылының тумасы. 2008 жылы Т.Ізтілеуов атындағы №29 орта мектепті бітіріп, сол жылы Алматыдағы Қыздар Мемлекеттік педагогикалық университетінің физика-математика факультетіне грантқа оқуға түседі. Аталған оқу орнын қызылға бітіріп, алғашқы еңбек жолын 2013 жылы Төребай би ауылындағы №199 мектепте мамандығы бойынша ұстаздық етуден бастап, физика пәнінен білім береді. Бұл күнде ол Елбасы Н.Назарбаевтың жастарды қолдаудағы мақсатын жүзеге асырып, бағдарлама бойынша баспаналы болып, ел дамуына сүбелі үлесін қосып жүргеніне қуанышты. Қолы қалт етсе кітап оқып, білімін тереңдетудегі ізденісі оны биікке қанат қақтыруда.
   – Мектеп қабырғасында жүргенде қиын сабақтың бірі – физика-математика пәндеріне жақын болдым. Бұл пәнге қызығушылығым атам Балғожадан дарыса керек. Себебі ол өмірінің соңына дейін ауылда бас есепші қызметін атқарған. Бүгінде сол кісінің ізін жалғамасам да ұстаздық жолын таңдаудан қателескен жоқпын. Адамның биік шыңға жетуі үшін белгілі бір мақсаты болуы керек екен және соған қарай талпыныс жасау арқылы ойлағанына жетеді. Міне соның бір дәлелі – мемлекет берген мүмкіндіктің арқасында баспаналы болдым, – дейді жас маман.
   «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші Жанат Алмабайқызының шәкірт тәрбиелеп, ұстаздық етіп жүргеніне жеті жылдан асыпты. Осы аралықта жеткен жетістіктері аз емес. Тіпті аз уақыттың ішінде бәйгеге қосқан шәкірттері үлкен додаларда жүлдесіз қайтпапты.
   – Осы өмірге көзқарасымды қалыптастырып, бағыт-бағдарымды айқындауға жәрдем берген, кішіліктің қадірін ұғындырған – ата-анам, – дейді ол көңіліндегі қуанышымен бөлісіп.
   Сонымен қатар осындай дәрежеге жеткізген, шәкірті үшін жаны күйіп, ұстаздық жолын таңдауына себепкер болған ұстаздары – Зоя Байғұлиева мен Зағипа Момыноваға шәкірттік ықыласы айрықша.
   Қызмет жолын бастаған жастарды мемлекет әрқашан қолдауға дайын. Себебі қазір білікті кадрлар, әсіресе жастарға кез келген жерде сұраныс жоғары.

Ерсін СӘДУҰЛЫ


16 маусым 2020 ж. 1 342 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 049

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031