» » Ауылды түлету –жастардың қолында

Ауылды түлету –жастардың қолында

Бүгінде еліміздің еңсесін көтеретін ұшқыр идеялар жүзеге асырылуда. Осындай жобалардың бірі – «Дипломмен ауылға» бағдарламасы. Ауылдық жерлерді жыл сайын кеңірек ойлап шешуге тиісті мәселелер бар. Бұл ретте әңгіме жоғарғы білімді мамандардың көбіне жұмысты қаладан іздеп жол тартуында. Ауылдық жерлерде мұндай мамандарға жағдай жасау мемлекеттің басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазірдің өзінде осы бағдарлама бойынша талай жас ауылдарға барып жемісті еңбек етіп жүр. Қырдағы елдің тірлігін түлетіп әр салада белсенділік танытуда. Мемлекеттік қолдаудың арқасында ауылға барып табысты еңбек етіп жүрген жастар аз емес. Сол жас маманның бірі – Дәулет Бухпанов.

Ол 1988 жылы 5 қазанда Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген. С.Есқараев атындағы №27 мектепте білім алып, 2006 жылы түлеп ұшады. Араға екі жыл салып Қызылорда облысындағы «Болашақ» университетіне «География пәні» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2013 жылы тәмамдайды. 2014 жылы алғашқы еңбек жолын бастаған ол өз еркімен ауданнан шалғай орналасқан Тұрмағамбет елді мекеніндегі №29 қазақ орта мектебіне «География» пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасады. Осылайша аз уақытта ауылға бейімделіп кеткен Дәулет Бухпанов 2017 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қол жеткізеді.
– Мемлекеттің берген қаржылай көмегінің арқасында баспаналы болдым. Еліміздің жастарға жасаған үлкен мүмкіндігін тиімді пайдалана білген абзал. Ауылымыздың өркендеуі – еліміздің көр­­кеюіне сеп. Биік шыңға жету үшін бел­­­­­гілі бір мақсат болуы керек, – деді Дәу­лет.
Бүгінде ол отбасының ұйытқысы. Аяулы жары Гүлжанат пен кішкентай қызын өсіруде. Биыл жастар жылында шалғай ауыл аймақтардағы жастардың мә­селелері қолға алынуда. Белсенді ка­дрларды өңірлерге тарту жастар жылының негізі мақсаты. Ауыл­ға баратын жастардың қатары енді бұдан ­да арта түспек. Елбасы кешегі «Жас­тар» форумында «Дипломмен ауылға» бағдарламасын қайта қарастырып оның уақыт талабына сай тиімді тетігін іске қосуды жүктеген болатын.
– «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында инфроқұрылымды дамытып жергілікті жерлердің кадрлық әлеуетін күшейте түсуіміз керек. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Дипломмен ауылға» жобасын ұсындым. Енді тізімін кеңейтуге беремін. Ауылдарға көшіп барған жастардың жәр­­­демақысы бұрын жетпіс айлық көр­сет­кіш болатын. Енді жүз айлық көр­сеткішке ұлғайтамын, – деді мемлекет басшысы.
Бағдарламаның басты мақсаты – бірінші кезекте жұмыссыздықты жою бол­са, екінші кезекте ауыл­дың мә­ні мен сәнін кіргізу. Ауылдағы кадр тапшылығын жоюды да осы бағ­дарлама өз міндетіне алғандай. Жастар ауылды көркейтеді. Ауыл көркейсе ел көркейеді.
Ерсін Сәдуұлы,
«Қармақшы таңы».
07 наурыз 2019 ж. 1 675 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 054

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031