» » ЖАСТАРҒА ЖОЛ СІЛТЕГЕН БАСТАМА

ЖАСТАРҒА ЖОЛ СІЛТЕГЕН БАСТАМА

Туған жерін түлетіп, оған қызмет етуді кім армандамайды? Әсіресе, мұндай мүмкіншілік мемлекет тарапынан жастарға жасалып тұрса. «Қазір мамандық алған жастар қалада қалуға тырысады. Ал, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы жас маманның ауылда тұрақтанып, үйлі болуына септігі зор». Бұл айтулы бағдарламамен үйлі болып, болашағын туған елінің өркенімен ұштастырған жас маман Гауһар Мұратбекқызының пікірі.
Жосалы кентінде дүниеге келген ол осындағы Ү.Томанов атындағы №183 орта мектепте білім алған. Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан жоғары баллға қол жеткізген түлек Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы колледждің «Бастауыш білім беру» бөліміне оқуға түседі. Колледжді бітірісімен университеттің «Психология-педагогика» факультетіне құжат тапсырып, білімін әрі қарай жетілдіреді. 2015 – Гауһар үшін елеулі жыл болды. Жосалы кентіндегі Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейге жұмысқа тұрып, қазақ тілі бойынша алғаш ашылған даярлық тобын қабылдайды. Жақсы жұмысымен көрінген жас маманға сенім артқан лицей директоры Гүлзира Мұратбекқызы жаңа оқу жылында бірінші сыныпты тапсырады. Қазір ұстаздың сыныбы 3-ке өтті.
Г.Шамаева қай кезде де белсенді. Колледжде топ басшысы болған. «Бас жүргізуші», «Студент көктемі» байқауларына қатысып, жүлделі орындар иеленген. Жыл қорытындысымен мектеп-лицейішілік «Жылдың үздік жас маманы – 2018» байқауында үздік деп танылып, бас жүлдені еншіледі. «Алты алаштың баласы басы қосылғанда төр – ұстаздікі»,– демекші, балауса қыздың мұғалім атануына мектептегі ұстаздар әсер етіпті.
– Мұғалім болуды бала кезімнен ұнататынмын. Бір жағынан бастауыштағы ұстазым Ажар Нақшораева, жоғары сыныптағы жетекшім Ажар Қайырбекова, математика пәнінің мұғалімі Перуза Сайдалиева, орыс тілінен дәріс берген ұстазым Смағұл Қауысов, қазақ тілі мен әдебиетінен Шынар Райымбаева, биолог ағайым Жұматай Абдуллаевтардың да ықпалы болғаны рас. Колледждегі кураторым Салтанат Сұлтанахметтен де жақсы тәлім алдым. Мұғалім – мерейлі мамандық. Шәкірттеріме қарап, қуаттанам. Шабытым оянады. Жұмысқа деген ықыласым артады. Өткен жылы халықаралық «Пониден» сыныптың он оқушысы жүлделі орынды олжаласа, Нұртуған Рүстемұлы халықаралық, республикалық сурет байқауынан үздік нәтиже көрсетіп жүр. Оқушымның сурет салуға деген ынтасы керемет. 2016 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен баспаналы болдық. Отбасымызбен қуандық. Жастардың жайын ойлап, оларды ауылға тұрақтандыруға игі бастамашы болған Елбасы мен оның саясатына алғысымды білдіремін. Бұл менің ғана емес, өзім секілді баспаналы болған жастардың көкейінде жүрген риясыз сезім, – дейді жас маман.
Елбасы бастамасымен баспаналы болған мыңдаған жас бүгінде туған ауылында алаңсыз еңбек етуде. Бір де бір мемлекетте баламасы жоқ бағдарламаның шарапаты еліміздегі әлі де талай жасқа тиетіні анық.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
10 шілде 2018 ж. 1 630 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031