» » ТАЛАПТЫ ЖАСҚА НҰР ЖАУАР

ТАЛАПТЫ ЖАСҚА НҰР ЖАУАР

Туған жерін түлетіп, елге қызмет етуді кім армандамайды? Әсілінде мұндай мүмкіншілік жастарға мемлекет тарапынан жасалып тұрса. «Қазір көбі ауылда қалғысы келмейді. Мамандығын алған соң қалада тұрақтауды көздейді.  Ал, «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасының жас маманның ауылға келіп, үйлі болуына тигізер септігі зор». Бұл бағдарлама шарапатын көріп, мемлекеттік бағдарлама негізінде тұрғын үйге қол жеткізіп, білім саласында биік белестерді бағындырып жүрген жастың бірі – Қанат Сағатұлының пікірі.


1993 жылы Жосалы кен­тінде дүниеге келген ол О.Шо­раяқұлы атындағы №30 мек­тепте білім алған соң Қос­танай облысы, Арқалық қа­ла­сындағы  Ы.Алтынсарин атын­­дағы педагогикалық институтына мем­лекеттік грант негізінде оқуға түседі. Жас маманның біліктілігі бұл қара шаңырақтан алған білі­мімен шектеліп қана қоймай, Шымкент қаласындағы Инновациялық тех­нологиялар университетінде ма­гис­­­тратура бағдарламасы бой­ын­ша білім алып, «Экономика ғылым­дарының магистрі» білік­ті­лігіне ие болады.  Сонан соң гео­графия пә­ні бойынша аграрлы-тех­ника­лық колледжге «Жалпы пән оқыту­шы­сы» болып жұмысқа орналасады.

Қанат Темірбаев қай кезде де белсенді. Ол бүгінге дейін бірнеше білім бәсекесіне қатысып, же­ңіс тұғырынан көрінді. «Үздік жас маман – 2016» байқауында, «Са­ла­­маттылық – денсаулық негі­зі» сайысына қатысып жүлделі орын­дар иеленген. Сондай-ақ, рес­пу­бликалық ғылыми-әдісте­мелік, шығар­ма­шы­лық «Ұлт ұстазы» жур­налында жариялаған ма­қа­ла­сының өзектілігі үшін марапатталып, рес­публикалық «Қазақстан ұстазы»  қоғамының ұйымдастыруымен өт­­­­кен олимпиадада І орыннан кө­рінді.

–  Жастардың жайын ойлап, олар­ды ауылға тұрақтандыруға игі бастамашы болған Елбасы мен оның саясатына  білдірер алғысым шексіз. Бұл менің ғана емес, өзім секілді баспаналы болған жастардың көкейінде жүрген риясыз сезім.  Қалада пәтер жалдап, айлығыңды жет­кізе алмай, қиналып жат­қаннан гөрі, ауылда ата-анаңның, бауыр­ларыңның қа­сында, жайлы жұ­мыста қызмет етіп, жемісін көрген жақсы емес пе? Мұғалім – мерейлі мамандық. Шә­кірттеріме қарап, қуаттанамын. Жұмысқа деген ықы­ласым артады.  Шә­кіртің жақсы тәр­бие алып, саналы ұрпақ болып ел алғысына ие болса ұстаз үшін мұнан асқан мәртебе жоқ шығар, – дейді жас ма­ман.
Ол арқалаған сенімге селкеу түсірмесіне сенім мол. Талаптың тұлпарына мінген Қанаттың қа­дамы қарымды, жігері жалынды, болашағы жарқын болары сөзсіз.

Айнұр АЙДАРҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».
19 желтоқсан 2018 ж. 1 237 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 060

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031