» » Аңқаулық па, қулық па?

Аңқаулық па, қулық па?

Сонау КСРО-ның дүркіреп тұрған кезеңінде Қазақстанда қой санын 50 млн-ға жеткізу ұраны болып тұрған кезеңде Қарақұм, Қызылқұм өңірлерінде Қармақшы кеңшарының да қой саны 70 мың басқа дейін жетіп, қаншама отбасы осы малдың жайымен көшіп-қонып жүрген жағдайда әртүрлі оқиға, қызықты әңгімелер де болып тұратын.
Заман өзгеріп, қазіргі жайбарақат болып зейнетке шыққан кезде кейбірі еске еріксіз түседі екен.
Сақтаған Маханбетов деген кісі Қарақұмдағы №3 қой фермасында қой бақты. Оған дейін кеңшарда түрлі қызмет істеп, ауылдық кеңестің төрағасы техника қауіпсіздігі инженері болып істеген Алматы ауыл шаруашылығы институтында сырттай оқып, зейнет жасына жақындағанда диплом алды. Әйелі Фатыма – батыр ана. Шаруашылықтар тарап, күйрей бастаған кезде азын аулақ малымен келіп,ауылдың жанындағы Иіркөл көлінің жағасына қыстау салып отырды.Мемлекеттен еш қолдау алмай-ақ,оншақты жылда қой санын үлкен бір отарға, 600-700 түйе, жылқы, сиырын да жүзден асырып, еңбек етті. Қазір кәсібін баласы Орынбек игеріп кеткен. Сәкең өзі 2000 жылдың бас кезінде дүниеден өтті. Оның аздап қалжың айтатыны бар болатын.
Тышқантамында қой бағып жүргенде ферма басқарушысы Сейітхан Серікбаев Сәкеңді «жау беті» деп «Көмбе» деген жерге Арал ауданының Жіңішкеқұм кеңшарымен шекарадағы қыстауға отырғызады. Сәкең қыстауға келгесін малды көбіне Жіңішкеқұм ауылының жайылымына шығарып, өз жайылымын сақтап жүреді.
Бірде қыстаудан шығып, малды көршілерге қарай жайып, атты тұсап қойып отырса, Жіңішкеқұмның екі шопаны келеді де Сәкеңе: «Әй,не істеп отырған адамсың?» дейді. Сәкең үндемей қойларға қарап,қамшымен ымдайды. Әлгілер бұл қай жақтың қойы дейді,қатқылдау үнмен. Сәкең саспайды: Фатыманың қойы дейді. Әлгілер: Әй қойың нешеу деп сұраса, Сәкең: Фатымам біледі деп жауап береді. Жасың нешеде десе де, Фатыма біледі деп жауап қатады. Екеуі бір біріне қарап, мына кісі бір мүсәпір болды ғой деп жөндеріне кете барыпты.
Арада бірнеше күн өтеді. Бірде Арал жақтың Қалпақбай деген шопаны айнала көршілерін соғымның басына шақырады. Әлгі екеуі де шақырылған екен. Олар да келеді. «Ассалаумағалейкум» деп екеуі кіріп келсе, төр алдында баяғы «Фатыма біледіден басқа ештеңе айтпаған кісі әңгіме айтып,сайрап отырады. Солай әлгі екеуі өткендегіні есіне алып, неге олай қылдыңыз дейді ғой. Сонда Сәкең шынымды айтсам, содан басқа амалым қалмады ғой деп күліпті. Ағамыз жоғарғы оқу орнында 15 жыл оқыған. Шаруаның жайымен бірде кешігіп қалады, бірде ыңғайы келмейді, балалары да оқып жатыр. Бір емтиханды тапсыра алмай қалып бара береді. Бірде күні әлгі мұғалім өзінен жастау жігіт айтыпты: «Сіз, Арал жақтан екенсіз ғой, ауылда Бекіре балық болатын шығар деп, Сәкең: «Әрине болады, келесі келгенде ала келемін» депті. Уылдырық та бар шығар, әрине бар әкеліп беремін депті. Содан ертеңіне сол мұғалім кездесе қалады. Сәкең саспастан інім, кешегі икраны алып келдім депті. Мұғалім болса,кафедраға барып,менің шкафыма апарып қоя салыңыз депті. Сәкең апарып қояды. Түстен кейін бағалау кітапшасын алып, кафедраға келеді. Мұғалім салқын жүзбен қарап, аға сізге қандай баға керек дейді. Ол болса келесі курсқа өтсем болды ғой депті. Содан оған «4»деген баға қойып береді де аға, сізге рақмет, тек шкафтағы икраны алып кетіңіз депті. Сөйтсе Сәкең жақын жердегі гастрономнан бес банка 1литрлік икра кабачковый дегенді әкеп қойыпты. Сөйтіп аңқаулығы арқасында бірге жатқан кісілермен өздері де тамақ қылған екен.
Күзем алу науқаны жүріп жатқан кез. Сәкең ара қонып, Шәкімбай бұлағы деген жерге қырқым пунктіне келеді. Келсе алдында кезекте 2-3 отар қой бар. Тағы қонып жату керек, содан түстен кейін кезегі келіп тұрған Жәміш деген адуындау әйел кісі болатын. Сәкең абыржыған түрмен Жәміш апайға келіп: «Жәке айып етпесеңіз, маған жаңа ғана жайсыз хабар келіп тұр. Қармақшыдағы Фатыманың әкесі Тұрман қайтыс болыпты. Таңертен жедел жүру керек болып тұр» депті қиналған түр көрсетіп. Жәкең болса: «Не істейміз, менің алдыма түсіп, қойыңды қырықтыр да, ай жарық қой ауылыңы қайт» деп өзі ақыл беріпті.
Кейін Жәміш апа Тұрман ақсақалға кездесіп, күйеу баласының қулығын айтса, ол кісі келіпті де: Сақтаған өлді дегенге мен өлгенім жоқ. Бала лаждап малын қырықтырып алса болар деп күлген екен.
Айтылған әңгімелер тапқырлық па, аңқаулық па, әлде қулыққа жата ма, оны оқырман пайымдар. Бір анығы – нақты болған оқиғалар. Ал Сәкеңнің жолдасы Батыр ана Фатима 10 бала тәрбиелеп өсіріп, немере-шөберенің бақытына бөленген. «Сақтаған» шаруа қожалығының жетекшісі Орынбек пен Айнұрдың ақылшысы, бақытты ана.
Ордабек ТОТАЙҰЛЫ
20 сәуір 2021 ж. 466 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 051

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031