» » Жылқышы Нағашыбек

Жылқышы Нағашыбек

Ауданға іргелес жатқан Төребай би ауылында Қамбар атаның түлігін түлетіп отырған жас жылқышы бар дегенді естіп сайманымызды арқаланып жол тарттық. Ара-тұра мұнда іс-сапарлатып келіп тұратын бізге, ауылдың тіршілігі таныс болып қалғаны соншалық кейіпкерімізді жолықтыру қиынға соқпады. Ауылдың шетінен жылқыларын барлап келіп жатқан жерінен біз де дәл кезіктірдік. Сонымен сөз етіп отырған кейіпкеріміз – Нағашыбек Ғабитұлы.
Ат десе ішкен асын жерге қоятын ол бұл іске бала күнінен бейім өсіпті. Мұндай қасиет оған нағашыларынан дарыса керек. Одан бөлек анасы Алтынкүл апамыз Нағашыбекке жүкті кезінде босанға дейін аттан түспепті.
– Ол кезде ауылдың сыртына бақша егетінбіз. Жолы қашық болғасын атпен қатынадым. Тіпті үйге отын шауып әкелетінмін, жолай мал да қайырдық. Әйтеуір аттан түскенім жоқ. Соның да әсері болу керек ұлым жылқыға жақын өсті, – дейді анасы.
Бала Нағашыбек жылқыны ерттеп мінуді, оны өсіріп баптауды, тұрпатын, тегін, жасын біліп ажыратуды Мұхит ағасынан үйреніпті. Кейін өз алдына жылқы алып, мал басын көбейтуді қолға алғанына да алты жылдан асқан. Қазір ауыл сыртында жайылып жүрген үйірі де бар.
Жылқы баптауда әркімнің өзіндік ерекше құпия тәсілдері бар дейді ол. Мәселен астындағы күрең қасқасын арпа, сұлы беріп өсірген. Ол өзінен басқа ешкімге көнбейтінін айтады. Кейде үстіне мінбей жетектеп, таң асырып та алады екен.
– Жылқыны күтіп баптауда «таң асыру» деген бар. Яғни кешкі жемнен соң ауыздықтап қаңтарып қоюды айтады. Ол азанға дейін жем жемей тұруы керек. Таң асырылған аттың іші тартыла бастағанда ауыздықтаған күйі суға байлайды. Суық су жылқының етін қатайтып, ыстығын алады. Сосын алғашқы күндері жай жүріспен ентіктірмей, терлетпей қайтарып отыру керек. Кейін бірте-бірте алшаңдатып, үзбей мінген соң басын қоя беруге болады, – дейді жылқышы.
Кейіпкеріміздің асау атты мініске үйретіп беретін өнері бар. Ауылдың талай жылқыларын жығып, тақымында ұстаған. Алайда бас байлатып көрмеген асауды жалғыз бұғалықтау мүмкін емес екенін айтады. «Алдымен құрық салуың керек. Мойнына құрық түскен жануар тулап әлектенгенде, жүген салып қарғып мінген тақымы мықты адамның қолынан тырп етпей қалады» дейді ол. Кейде ауыл ішінде мал дәрігері болып та кетеді. Жылқысы ауырып қалғандар болса Нағашыбекке жүгінеді екен. Ондай кезде әкеммен ақылдасып барып, әрекет жасаймын дейді.
Қазақ «жігітке жеті өнер де аз» деп бекер айтпаған. Осы мақал тура кейіпкерімізге арналғандай. Себебі қазір жылқы жануарымен айналысатын ер жігіттердің қатары сирек-ақ.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
03 сәуір 2021 ж. 612 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 055

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031