» » Абзалдың темір кәсібі

Абзалдың темір кәсібі

Әдетте ауылдарды кіре-беріс арканың маңдайына жазылған жазуына қарап танып біліп жатамыз. Ауылды табалдырықтан сәнге бөлеген темір қақпаның құрылысына қарап «мына дүние қай шебердің қолынан шықты екен?» деген сауалдың тереңіне сүңгіп кететініміз бар. Қаладан қайтқан уақытта жол үстінде әңгімеден-әңгіме туындап «пәленше деген ауылда осындай туындыларды жасайтын ұста бар» дегенді естідік. Дереу мекен-жайын алып, жол түскен күні сол жаққа тарттық. Бала күнінен еңбектің қазанында пісіп, бүгінде темірден түйін түйетін шеберге айналған Абзал Ахметбек Иіркөл ауылында тұрады. Ағамызды негізгі мамандығы бойынша жұмыс істеп жүрген жерінен жолықтырдық.

   Ауылда сушы қызметін атқаратын ол, бала күнінен балға, темір-терсек секілді заттарға үйір болыпты. Бұл қасиет нағашысы Қылышбек атасынан дарыса керек. Үйде төрт ұлдың ішінде ұсталық өнер тек Абзалдың бойына қонған. Мектеп қабырғасында жүргенде «еңбек сабағы болар күнді асыға күтетінмін» дейді ол әңгімесінде.
   – Ең бірінші самаурынға керней жасағаным есімде. Апама үйдегі пештің күлін алатын әртүрлі қалақ жасап беретінмін. Кейін уақыт өте ұсақ-түйек заттарға ауысып, шеберлігімді шыңдадым. Осы қарқынды тоқтатпай тапсырыстар қабылдап, ауылға пайдамды тигіздім, – дейді шебер.
   Иә, Абзалдың қорасы бүгінде өз туындыларымен толыққан. Құрылыстан қалған ұсақ-түйек темірлерді жинап, жоқтан бар жасаған. Оған дәлел жазда отырып демалатын тапшаны, қоршаған темір шарбағы, балаларға арналған тербелмелі әткеншегі барлығы керемет шыққан. Бүгінде ол алыс аймақтардан тапсырыс қабылдайтынын айтады. Әсіресе моншаның пешіне тапсырыс берушілер көп дейді. Кейде шебердің өнеріне тәнті болған қалталы азаматтар ауылдан арнайы алдыртып, есік алдына қақпа жасатып алады екен. Мұнан бөлек, ауылдың ішіндегі жолдың бойында орналасқан белгілерді шебер өзі жасап берген. Ауылға қатысты шаруалар болса бір бүйрегі бұрып тұратынын айтады.
   – Кейде ауылда бітпей жатқан құрылыс жұмыстары болса, барып көмектесіп тұрамын. Темір жалғайтын жерлерін жалғап беремін. Оған ақы да сұрамаймын. Әйтеуір ел игілігі үшін ғой бәрі. Ауылдың перзенті болған соң туған жеріме жаным ашып тұрады, – дейді ол.
Жоғарыда айтқан ауылға кіре-берістегі темір арка осы Абзалдың қолынан шыққан дүние. Туған жерге тарту еткен туындысын ел-жұрт аузынан тастамай айтып жүр. Айта берсек көп. Осыдан екі жыл бұрын кәсібін кеңейтпек үшін мемлекет ұсынған жеңілдікті пайдаланып, қайтарымсыз 500 мың теңге жеңіп алыпты. Ұстаханаға керек жабдықтарын түгендеп, өз ісін жалғастыруда. Болашақ жоспарында ауыл ішіне үлкен шеберхана салсам деген ниетте.
   Адам баласы өзі туып өскен елге қызмет етіп, перзенттік парызын өтейді. Мұның бәрін ол өзінің бақыты үшін істейді. Ұсталық кез келгеннің қолынан келе бермейді. Осы қағиданы Абзал әрдайым жадында ұстап, кәсібіне адал болып еңбек етуде.

Ерсін СӘДУҰЛЫ

25 шілде 2020 ж. 1 026 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 081

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031