» » ҰСТАХАНА ТЫЛСЫМЫ (Қармақшы)

ҰСТАХАНА ТЫЛСЫМЫ (Қармақшы)

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылындағы темір ұстаханасы. Бұл жерді осы маңның көрші-көлемінен естіген бойда ұша жөнелдік. Шап-шағын. Ескі екені де анық байқалады. Бірақ әлдененің құдіретті күші осы жерге шақыратындай. Мистикалық әңгімені естісем, қойын дәптерімді шимайлайтын әдетім бар. Ауыл тұрғыны Жанат апайдың айтқан бір-екі әңгімесі санамда әлі жаңғырып тұр. Ұйықтау мүмкін емес. Жазбасқа амал қалмады)
Бұрын осы жерді иелік еткен темір ұстасының бойында қасиет болған деседі. Тек оның бойындағы шеберлік ұлдарына дарымапты. Күні-түні ұстаханасында көрік тартып, темір соққан ұста ұрпағы ізін жалғағанын арман етсе керек. Себебі ол кісі қайтқалы әр жұмада темір соққан дауыс естілген екен. Көршілерінің айтуынша, бұл жер - қасиетті. Әрі ұлдары әр күні темір қыздырып қояды екен. Егер бұл жер тым-тырыс қалса ұсталық дауыстар естіледі-мыс. Бір қызығы сол ұстаның 3 жасар немересі ұсталыққа бейім. Кішкентай бөбек қолына балта алып, жерді жағалай қағып жүреді екен. Атасының ұсталық қасиеті осы немересіне қонған болар, бәлки?! 
Ая ӘЛИ.

30 мамыр 2019 ж. 2 682 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 761
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 202

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930