» » Қызылордалық «магнит адам»

Қызылордалық «магнит адам»

Қызылорда қаласында магнит адам тұрады. 59 жастағы Нартай Тұрсановтың кеудесіне темір біткеннің барлығы жабысады. Сырдың толағай тұрғынының жеке рекорды қазір 110 келі. Бірақ оның айтуынша, бұл салмақты бағындыру тұла бойындағы күштің шегі емес көрінеді. Нартай Тұрсановтың өз салмағы 95 келі, ал кеудесімен көтеретін жүгі одан ауыр. Зіл батпан темірді қолмен ұстамай төске жабыстыру қасиеті оның бойынан 20 жыл бұрын байқалған екен. Алғашында 40 келі шамасында салмақ бағындырған Нартай Тұрсанов қабілетін бірте-бірте жетілдіріп, қазір 110 келіге міз бақпайды.     Нартай Тұрсанов, магнит адам: - Циркші, спортшы емеспін. Магнит адам ғаламтордан көрсеңіздер бұны ғалымдар ешқандай дәлелдей алмайды. Бұл ғылымда тіркелмеген әлі, зерттеліп жатыр. Бұны олар да айтады құдайдың берген қасиеті дейді де қояды. Бірақ олар толық мойындайды неғұрлым биотогы күшті адамдардың соғұрлым емші екенін мойындайды. Балта, балға біткеннің барлығын өзіне тартатын апайтөсті көруге ұмтылған сырбойылықтар қатары күн санап көбейіп жатыр. Арнайы жаттығусыз зіл батпан жүкті төске ұратын магнит адамның ерекше қасиеті талайды таңқалдырған.  Кенжебай Тоғызбаев, қала тұрғыны: - Ол жалғыз темірді ғана тартпайды. Оған қоса әйнек-шынылар да тартыла береді. Пластмасса да тартылады. Қазақ баласының осындай қабілеті бар екенін бүкіл әлем көрсе екен, әлем таныса екен деп жатырмыз.  «Биомагнетикалық күш күнделікті тұрмыста еш қиындық туғызбайды» дейді Нартай Тұрсанов. Енді ол жеке көрсеткішті арттыруды көздеп отыр. 

24 маусым 2018 ж. 1 004 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930