» ШЕБЕРДЕН ІЗ ҚАЛАДЫ

ШЕБЕРДЕН ІЗ ҚАЛАДЫ

ҚАСҚЫР НАМЕТША КӨШЕСІНДЕ КЕЛЕМІЗ. ӘЛДЕБІР ТАРСЫЛДАҒАН ДЫБЫС ШЫҒАДЫ. ЖҮРГЕН САЙЫН ЖАҢАҒЫ ДЫБЫС КҮШЕЙЕ ТҮСЕДІ. БІРНЕШЕ АДАМ КЕУКЕУЛЕСІП ТҰРҒАН ҮЙДІҢ ЖАНЫНА АЯҢДАҒАНДА «БҰЛ ШӨМЕКЕЙ ҰСТАНЫҢ ҮЙІ БОЛДЫ ҒОЙ», – ДЕДІ ТЕМІРДІ ҰРҒАНЫНАН-АҚ ТАНЫҒАН ҚАЗБЕК АҒА. ҰСТАЛЫҚ – АЛЛА СЫЙЛАҒАН ҚҰДІРЕТТІ ӨНЕР. ҰСТАНЫҢ ҰСТАХАНАСЫНАН ДЫБЫС ШЫҒЫП ТҰРАДЫ ДЕГЕНДІ БАЛА КЕЗДЕ ЕСТУШІ ЕДІК. СІРӘ, БҰЛ ТЕГІН АЙТЫЛМАҒАН БОЛАР. АҚЖАРДА ТУЫП-ӨСКЕН ҰСТА КӘРІБАЙ КЕНЖЕБАЕВТЫҢ ЕСІМІ АУДАНҒА БЕЛГІЛІ. ОЛ СОЛ КЕЗДЕГІ КЕҢШАР ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАЖЕТТІ ТЕХНИКАНЫҢ БӘРІН ӨЗІ ҚҰРАСТЫРҒАН ДЕСЕДІ.
Әсіресе комбайндары жақсы жұмыс істейтін көрінеді. Ер-тұрман, шаңырақ, уық та жасаған. Алтын мен күмісті балқытып құйған зергерлік бұйымдары сол кездері тапсырыс бергендердің қолында әлі бар. 3 ұлының ішінде бала шағынан әкенің ұстаханасынан шықпай, әр шаруаның шалғайына оралып, құлық танытқаны осы Шөмекейі ғана. Әкесімен бірге ұстаханаға бас сұққаннан кеш қарайғанда ғана шығатын көрінеді. Арада жарты ғасырдан көп уақыт өтсе де әке пайдаланған құрал-сайманның бәрі сақтаулы. Шөмекей ағаның ең қымбат мүлкі де солар. Әлдебір дүниені істеуге енжарлық танытса ұстаханадан темірді қатты-қатты соққан дыбыс шығады. «Бұл әке ісін аяқсыз қалдырмаңдар деген белгі деп ұғамын», – дейді шебер.
Аула ішіне қарай бет алсаң қарсы алдыңдағы ұстанахана көзге бірден түседі. Көріктегі көмір бықсымайды, қоздап жанбайды, қызара бөртіп қана тұр. Шөмекей ұста бүгін де таңғы тіршілігін осында бастағаны анық. Бізді көре салып көріктің көмейінің жан-жағын тиянақтай ысырып, қоламтасын көсеп, жымиып қана күлді. Бар ынтасымен істеп жатқан жұмысын бөліп жібердік-ау. Сәл абдырап өзін қайта жинап алды да үйге кіріңдер деп, екі қолын тазартпақ болғандай көйлегіне ысқылай берді. Ал бізге шебердің алтын қолын алу да бір ғанибет еді. Ұстанахана алдындағы көлеңкеге жайғасып, әңгіме өрбіттік.
Қолынан іс келмейтін адамдар заттың да, оттың да, шоттың да қадірін білмейтіні анық. Шөмекей Кенжебаев осы үшеуінің де қадірін біліп, одан үйлестіріп алуан түрлі кәдесыйлар, басқа да дүниелер жасап жүрген қас шебердің өзі. Оның жасаған балға, балта, кетпен, күрек, қалағы сол маңдағы үйлердің бәрінен табылады. Тоқшәйнек, самаурын жөндейтіні бір бөлек. Істен шыққан көліктерді қайта қалыпқа келтіреді. Жасаған болаттай берік темір есік пен дарбаза, шарбақтары өз алдына. Қолынан келмейтін іс бар ма екен деп ойланып қаласың. Осыншама текті бола тұра қарапайымдылығы қайран қалдырады. Еңбекке ерте араласыпты. 8 сыныптан кетпен арқалап кеңшар жұмысына кіріскен. «ПЧ» мекемесінде де ұзақ жыл ұста болып жұмыс істепті. Зейнеттік демалысқа шыққанына көп болған жоқ. 6 баланың әкесі. 5 ұлы да дәнекерлеу ісінің шебері. Бәрі де осы мамандықты кәсіп етеді. Астанадағы Абдулласы әкесіне тартқан. Қолынан келмейтіні жоқ. Темірден түйін түю екінің біріне бұйырмайтын бақ. «Әкеден кейін менде ғана осы қасиет болса, менің де бір ғана ұлыма дарыды. Киелі өнер ғой бұл», – деді ол.
Темірден түйін түйер жандарды “Тәңірдің өзі жіберген іс істеуші адамдар” деп халық бекер айтпаған. Аса құрмет тұтқан бұрыннан. Темірші ұсталар өз ісіне кірісер алдында рухани тазалыққа мән берген. Ағаның келбеті мен жанарына бір қарап-ақ ақжарқын, арамдық атаулыдан ада екенін аңғару қиын емес. Рухани жаңғырудың бір парасы оның осы ерекше өнерінде жатқандай.
Иә, Шөмекей Кенжебаев – ұста ұрпағы. Алтын саусақты, темірден түйін түйген шебердің есімі алабөтен аталып қана қоймайды. Оның ұлттың жойылып бара жатқан дәстүрлі қолданбалы өнерін бір сәтке де жоғалтпай, қайта жаңғыртқан еңбегіне әлі талай ұрпақ тәнті болатыны сөзсіз. Себебі шешеннен сөз, шеберден із қалады.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА,
«Қармақшы таңы».
---
06 маусым 2019 ж. 1 349 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031