» » Великан қоян бізде де бар

Великан қоян бізде де бар

 
Ауылда қоян асырайтындар аз деп жатамыз. Бірақ іздесең табылады. Темір жолдың арғы бетіне өтсеңіз №105 мектеп лицей жанында орналасқан Айсауытов көшесінде Көптұрсын есімді қоян өсіруші бар дегенді естіп көлігімізді жылдамдата осында келдік. Бөтен үйге барсақ «ит жоқпа?» деген үреймен қақпаның сыртынан сығалайтын әдетіміз емес пе? Қорада жайылған тауықтарды көріп «мына үйде шынымен қоян бар ма?» деп аулаға енгенім рас. Үй иесінің алдымнан шығып «келдің бе інім, кел төрлет» деген қонақжай келбеті еркін әңгімелесуге шабыт берді.
Көптұрсын Қазыбековтың кәсібі осыдан он жыл бұрын басталған. Танысының үйінен «великан» тектес ірі қоянға қызығушылығы оянған ол, одан тұқым алып санын көбейткен. Алғашында «асырай аламын ба?» деген қоқынышпен басталған кәсібінің кейін қыр-сырын тез түсініп, қоянның басқа да түрін қолға үйреткен.
– Бұрын үйімізде ешкім қоян, тауық асырамаған. Тек ірі мал ғана болды. Қазір қолымда оннан аса қояным бар. Бұрынғыдай көп емес, азайттым. Тіршілік иесі болғаннан кейін бап керек, тамағын, жем-шөбін тауып беруің керек, – дейді Көптұрсын.
Жоғарыда айтып өткендей қоян күтушінің кепесінде «великан» тұқымдас қоянның жалғыз түрі қалыпты. Ұзынқұлақтылардың бұл түрі ірі болғанымен шақалақ кезінде әлсіз келетін көрінеді. Уақытында дәрісін алып тұрмаса  өсіп жетілуі қиындау дейді ол.
Табиғатында қоян жалпы тез көбейгіш мақұлық. Әсіресе жазда үш ай сайын көжектейді. Бір көбейгенде 12-ге дейін барады. Қоянның санын көбейткің келсе аталығын ауыстырып тұруың керек.
Көптұрсын Шағалаұлы осы уақытқа дейін қоян пұлдап көрмепті. Оның хоббиі болған шағын кепедегі «сәбіз жегіштері» жұмыстан  шаршап келгенде ой бөліп демалуға жақсы көмекке ұқсайды. Кейде үйге қонақ келсе бір-екеуі сойылып кетеді дейді күліп. Қояннан бөлек тауық та асырайды. Сыртынан қарасаң түрлері ерекше. Қолға жақсы үйретілгені қораға кіргенде-ақ қасыңа жетіп келіп жан-жағыңнан қаумалайды. Күнделікті жұмыртқасы ішіп-жемге жеткілікті. 
Бүгінде қоян мен тауықты қатар баққан Көптұрсынның кәсібі берекелі. Үйде бос отырып екі қолға бір күрек таппағанға осындай кәсіп түрімен айналысуға кеңес береді.   
 
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
12 қараша 2019 ж. 1 361 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031