» » Автоэлектрик Асқар

Автоэлектрик Асқар

Ауылда автоэлектрик қат деп жатамыз. Расында, іздесең, табасың. Ел аузында Құсқана атанып кеткен аумаққа кіре берісте, қара жолға түсіп, доңқыған тұлпардың мінез көрсеткеніне қарамай, ойлы-қырлы жерлермен ытқып-ытқып келіп, көк қақпалы еңселі үйдің алдына тоқтаған Бақытжан ағам «Автоэлектрик Асқардың үйі осы» дегені. Көз алдыма үлкен бір сервистік орталық елестегенімен, кәдуілгі қақпадан алғашында «шынында автоэлектрик пе?» деген оймен енгенім рас. Бірақ, ауладағы қаз-қатар тізілген көлікті көргенде «Апырмай, шынында маман екен» дедім. Дереу, көліктің ішек-қарнын ақтарып, тоқ өткізгіш сымдарды демде жұлып-жұлып тастады. «Сәл болмағанда өртенуге шақ қалыпсың» деді. Маманның да маманы, адамның да адамы болады емес пе?!
Асқар Жарылқасыновтың бұл істі кәсіп қылғанына жеті-сегіз жылдың шамасы болды. Алғашында іргедегі Дүр Оңғар ауылында талай жыл трактор айдаған ол кейін денсаулығы сыр берген соң егіс алқабындағы жұмыстан алыстаған. Жұмысты біржола қойып, қолда бар мүлікті арқалап аудан орталығынан бір-ақ шықты. Ақ халаттылардың алдына жиі баратын болған соң, тұрақты жұмыстың сәті түспеді.
– Қазірдің өзінде біраз жер мені танып алған. Екі күн ауру, бір күн сау адамды кім жұмысқа алғысы келеді. Денсаулығың болмаса, ешкімге керек емессің. Қазір қолдан келетін жалғыз іс – көлік жөндеу. Қай жері болса да, кірісіп кетіп, жөндеп беріп, ақысын адам шошырлық емес, бергенін алып қала беремін. Осылай жал­ғасып келе жатыр, – деді Асқар Жарылқасынов.
Аулаға жаңа баспана салуды ұйғарып іргетасын қалауға енді ғана бекінгенде денсаулығы тағы сыр береді. Қайран жүректің соғысы жиілеп кетсе де бала-шаға қамы деп, жұмысқа қызу кірісті. Қолынан іс келетін жігітті ел таниды, ауыл адамдары көлігі қисайса, осында әкеліп, жөндетіп алады. Рас, тіпті көліктер кеп­теліп, істеуге мүмкіндік болмай мұ­­ры­н­­­­­­­­­­­­­­­­­нан сүрлігіп жататын кез көп.
– Қазірдің өзінде аулада төрт машина тұр. Шетелдік көліктің түр-түрін жөндедік. Ұшақ пен тікұшақтан басқасының бар­лығы осы аулада тұрып кетті біраз. Кеше ғана тоғынан ақау шығып, жанып кеткен Уаздың өзін қайта оталдырып, ауладан шығарып жібердік. Негізі көбіне тоқ жағынан ақау болғандар келіп жатады. Мотор жағы болсын, басқа да қосалқы бөлшектері болсын ауыстырып, жөндей береміз, – дейді көлік жөндеудің шебері.
Қарамағына бір көмекші алып, істің қыр-сырына қанықтырып, баулуда. Үлкен шеберхана ашуға мұрша жоқ екенін айтады. Мемлекеттік бағдарламамен несие алудың жолын қарауда. Ылдилап жүрген осы қадамның өзі талайдың сауабына қалдырып отыр.
– Негізі көліктің өртеніп кетуі электр желісіндегі ақаудан болады. Сондықтан, тауықты да қасапшы сойсын дегенді ұмыт­пағанымыз абзал. Тоқ жағын жөн­деуден көзіміз ағарған біздің өзіміз жеті рет өлшеп, бір рет кесеміз. Өйткені, бір ғана қателік барлық жұмысты еш қылу мүмкін. Барлығын жөндеп, ақауын реттеп болсақ та, қайтадан бір қараймыз. Аса ұқыптылықты қажет етеді. Жүргізушілерден сұрайтынымыз, көліктің тоқ өткізу жағы ең жауапты екенін естен шығармаса, – деді Асекең бізбен әңгімесінде.
Жыбырлаған көліктің көбі ақаудан көз ашпай жатады. Сонда байқағанымыз, маманы жөндеген олқылық ретіне келеді, ал өзіміз қолдан келгенін жасап жатып, артық қыламын деп тыртық қып алатынымыз бар.
Түйін.
«Көрпеге қарай көсіліп» немістің өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан сәл ертерек шыққан автокөлігін тізгіндегенбіз. Ол маған дейін қанша бейнет көргені беймәлім, бірақ тоғын ретке келтіргені сол еді, үйірін қорғаған айғырдай атылып сала берді. Сірә, зауыт ақымақ емес қой. Бірақ бізде «зауыт не біледі дейсің» деп, қолдан жалғап жүре беретіндер көп. Электр желісіндегі ақау – өртке апаратынын естен шығармайық. Автоэлектрик – сол дерттің шипагері екен.

Дәулет ҚЫРДАН,
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет),
«Қармақшы таңы».
09 қазан 2018 ж. 1 548 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031