» » Жалқаулықты жеңудің алты жолы

Жалқаулықты жеңудің алты жолы

Қақаған қыста жылы көрпенің астына кіріп алып, ашылып кеткен есікті жабуға ерініп, ақыры үсіп өлген екі бала туралы әңгіме есіңізде шығар? Желкемізге жармасқан жалқаулық етегімізден тартып, жақсы істерді тындыруға мұрша бермей жатады. Ер қазақтың осал тұсы да - еріншектік.  Біз бүгін жалқаулықты қалай жеңуге болатыны туралы әңгімелейміз.  1. Бес-ақ минут! Өзіңізге бес минут арнаңыз! Ойыңызды жинақтап, өзіңізге күш беріп, жұмысқа құлшына кірісуге бес минут қана жеткілікті.  2. Үлкен істерді бөліп-бөліп тастаңыз Көп жұмысты бірден орындау мүмкін емес. Сондықтан бөліп-бөліп орындағаныңыз абзал. Дұрысы - жоспар құрып алыңыз. Жоспарды ойша құрып үйренгеніңіз жөн.  3. Басты жұмыстан қашпаңыз! Басты жұмысты істеуге жалқаулығымыз жар бермейді. Ертеңге дейін реферат жазу керек. Рефератты жазудың орнына ұсақ-түйек үй тірліктерін жасаймыз, дүкенге барып, интернетте отырамыз. Бәрібір реферат жазудан қашып құтылмайсыз. Сондықтан, рефератты жазып тастауды бірінші орынға қойыңыз.  4. Ерте тұрыңыз "Ерте тұрған еркектің бір ісі артық, ерте тұрған әйелдің ырысы артық". Миыңыз шаршамай тұрғанда жұмысыңызды бітіріп тастағаныңыз абзал.  5. Өз-өзіңізге сый жасаңыз Қандай еңбек болмасын, марапатқа лайық. Сондықтан, бір істі тындырып тастағаннан кейін, өз-өзіңізге сый жасаңыз! Сүйікті печьенеңізбен шәй ішіп, миыңызды демалтыңыз. Бұл кейін әдет боп қалыптасып кетеді. Ал қиындау тапсырманы орындау керек болса, өзіңізге лайықты сый ойлағаныңыз жөн. "Осы жұмысты бітіріп тастағаным үшін өзіме жаңа сағат сатып аламын"деп өз-өзіңізге уәде беріңз. 6. Ертеңге қалдырмаңыз "Еріншектің ертеңі бітпес". Қай істі болса да, орындауға қиынсынып, ертеңге ысырып тастаймыз. Мақсатқа жеткіңіз келсе, берілген жұмысты дәл қазір орындап тастаңыз. Бұл да бара-бара бойыңызға сіңіп, ең жақсы әдет болып қалыптасады.  Ерініп қалғанымыз үшін өзімізді талай жазғырып, жазаласақ та, ерінеміз. Бірақ, жалқаулықтың жақсы жолға апармайтынын түйсінетін кез жетті! 
21 маусым 2018 ж. 1 353 1

JeaCold от 22 ақпан 2019 05:46
Amoxicillin 800 Propecia O Avidart Amoxicillin Moblie Al buy viagra Propecia 5 Mg Propecia Merck

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031