» » Ұры түбі қорлық

Ұры түбі қорлық

– Бағдат, бөтен қой бар ма?
– Жоқ.
– Қарап көріңізші, Бәке, ана бір қой менікіне ұқсайды екен?
– Жоқ дедім ғой, саған.
Асылбек өз қойының Бағдаттың қорасына кіргенін білді. Ауыл болып, бұл жігіттің қолының сұғанағы барын сезсе де, дәлелдің жоғынан қолдары қысқалық танытқан. Дәлел болғанның өзінде көршісін «бауырым» дейтін қазақы қасиеттен аттай алмаған Асылбек те Бағдаттың уәжіне бас изеп үнсіз кеткен. Дегенмен ел жатарда «Қойым Бағдаттың қорасында қамалып, таңертең ізім-ғайым болса не істеймін?» деген ой оған кірпік қақтырмады. Әрі аунады, бері аунады. Ақыры, ол үстіне қойшы шапанын киіп, түн баласында Бағдаттың қорасына ұрланып кірді. Бәзбіреулер келіп қалмаса екен деп, жылдам қой кепенің есігін ашып, ішіне қойып кетті. Іші сезген екен. Өзінің қоңыр қойын танып, мойынға ілді де, қақпадан қарғып түсіп, өзінікіне жөнелді. Бағдат қойдың қорада екенін білсе де, Асылбектің алып кеткенін сезбеді. Бірақ қой кезекке мал қосып жатқандар Асылбектің кешегі жоғалтқанын тапқаны үшін арқасынан қағып тұрған. Ол болса, Бағдатқа ала көзбен қарады, ұры жанарын төмен салды.
Арада айға жетпес уақыт өткенде күйеуі жақында ғана дүние салған Бәтіркүл апайдың екі бірдей сауын сиыры қорадан жоғалды. Учаскелік полиция инспекторы тіркеуін тіркеді, арызды қабылдады, бірақ одан еш нәтиже шықпады. Шалынан төрт баласымен қалған апай күзге таман кенже қызының оқуына әлгі екі ірі қараның бірін сатпақ болған. Санын соғып, уайым жеді де қалды. Араға апта салып, тағы біреудің жылқысы жоғалды. Енді полиция инспекторы келуді жиілетіп, тіркеуді жылдамдатты. Бірақ жоғалған малдың өлексесі де табылмады.
Қаладан ауылға көлік болмай, қас қарайғанда жеткен Бәтіркүл жолда өз көзіне өзі сенбеді. Бұл жолы ұры Бағдаттың қарасы көрінбейді. Үлкен жүк көлігіне мал тиеп жүрген оның оныншыда оқитын ұлы Жанай болып шықты. Алғашында жесір әйел бұл өзінің малы болар деп мән бермеген. Әйткенмен, ертеңіне ауылдан бір күнде тұтастай жиырма бас мал жоғалды. Өріске кетті деген, бірақ оралмаған. Бәтіркүлдің іші бірдеңені сезген. Ауыл ақсақалы Қабдеш халықты жинап, мәдениет үйіне Бағдатты шақырды.
– Сен бұрын аты шыққан ұры болатынсың. Ірі қара мен жылқының жауы едің. Енді бізде сен алатын түк қалмады. Ұсақтарға ұры етіп, балаңды тәрбиелеп жатырсың ба? – деді ақсақал шімірікпестен жиынға келген Бағдатқа.
Бағдатта үн жоқ. Мектеп директорын, ауыл әкімін жиынға шақырған еді, ешбірі қара көрсетпей, мәдениет үйіне жансыздарын жіберіп, жабырқап отырды. Ақсақал:
– Баланың болашағына балта шаппай-ақ қоялық. Бағдат, саған уақыт береміз, сол аралықта сен біздің малымызды қайтаратын бол. Әйтпесе, балаң колонияға кететін болады. Біз арыз жазбайық, – деді жаны ашыған кейіпте.
Бағдат барлығын мойындады. Аптасына бір мәрте қаладағы сыбайластарын көлікпен шақырып, қолды болған малдарды арзан бағада сататынын да жасырмады. Арада Асылбек тәрізді өз қойын өзі ұрының қорасынан ұрлағандар да дәлел ретінде көп жайтты мысал етті. Ал Жанайдың болашағына балта шабу зор жаза болар еді. Бірақ, халық соты олай істемеді. Ал мектеп директоры мен ауыл әкімі басын қасып кәбинеттерінде әлі отыр.
Аян СПАНДИЯР
24 шілде 2018 ж. 2 278 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031