» » ҚОЯН АСЫРАҒАН «ҚЫЗЫЛСЫЗ» ҚАЛМАЙДЫ

ҚОЯН АСЫРАҒАН «ҚЫЗЫЛСЫЗ» ҚАЛМАЙДЫ

Бұрын Көмекбаев ауылында тұрып, кейін кент орталығына көшіп келген Ізтай Мырзабаев пен Күләнда Қойшыбаева асырап отырған қояндары мен тауықтарының бірін де ауылға қалдырмай, алып келіпті. Ұлы мен қызынан тараған немерелерінің де қызықтары – осы сүйкімді қояндар. Үйде қоян ұстағандарына шамамен 20 жылдай уақыт өткен. Ауылда таңның атысынан қара кешке дейін бейнеттеніп үйренген зейнеткерлерге бұл кәдімгідей ермек. Ізтай аға ертемен тұрып қояндарына берілетін жем-суын әзірлеп, орындарын тазалап, арасында күбірлеп сөйлесіп қояды.-Қоян өсіру – бұл біздің тек қызығушылығымыз. Ағаңның қояндары азайса көңілі түсе бастайды.  Санын өткен жылдары 80-ге дейін көбейттік. Қазіргі таңда 31 қояным бар, оның 18-аналық, екеуі аталық, қалғандары-көжектер. Бұлар 3 ай сайын көжектейді. 20 шақты тауығымыз бар. Олардың жұмыртқаларын сатамыз. Екеумізге де құс етін жеуге кеңес берген дәрігерлер. Екі-үш күн сайын 1 қоянды сойып жеп, 1 тауықтың етінен сорпа ішпесек көңіліміз көншімейді. Қоян еті асқазанда тез қорытылады. Емдік пайдасының өзі ұшан-теңіз.  Қояндарға арнайы жасалған қорамыз тарлық етіп тұр. Үлкен етіп соғып беруге ауламыз да шағын. Қоян етін арнайы кәсіп етпейміз. Бірақ, дәмін татып көргендер сіздің үйдің қояндарының еті тіл үйіреді, сатып алайық деп қолқа салады. Сұрағандардың қолын бос қайтарған емеспіз, - дейді ағамыздың да, бала мен немеренің де, одан қала бере қорадағы қоян, тауық пен уақ малдардың барлығының бабын таба білетін еңбексүйгіш ана. Қояндарды жылдың кез келген мезгілінде шағылыстыруға болады. Оның ұрықтанғанын тексеру үшін бес күннен кейін еркек қоянға қосады. Егер ұрықтанған болса, еркек қоянды маңайына жолатпайды. Сақа қояндар әдетте көктемде және күзде түлейді. Сояр алдында қоянның жүнін тарап, тазалайды, 12-16 сағат бойы азықтандырмайды, суда бермейді. Егер үй қояндарының терілері үлкен, ұшасы семіз болсын десе, соярдың алдында оны 1 ай бұрын бордақылау керек. Терісін бақайдан бастап ағашқа іліп, көзінің айналасын және ауыз тесігінің терісіне дейін сыпырады, құлақтық шеміршегін кеседі. Бұлар қоян асыраудың кәнігі шебері Ізтай ағаның күнделікті күйбең тірлігі.
Қоян өсіруді де табысты шаруашылықтар қатарына жатқызуға болады. Себебі, ұзынқұлақтының еті диеталық тағам, ал терісі мен түбітінен жағалы киімдер тігіледі. Оның үстіне  өсімталдығы мен көбеюі жөнінен де үй шаруашылығындағы өзге жануарлардан озық келеді.
Түйін
Біреу-кептер асырайды. Біреу-тазы ұстайды. Әркім сүйіп айналысатын ісінен ләззат табады. Жасы жетпіске таяған бүгінгі кейіпкерлеріміз де осындай кәсіппен айналысады. Бәки қартайғанда ширақтық сыйлаған осы болар?! Кім білсін. Бір анығы әзірге олар қоян асыраудан қол үзбек емес. 
Гүлжанат ӘМІРҚЫЗЫ.
«Қармақшы таңы».
03 сәуір 2019 ж. 1 547 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031