» » Құс шаруашылығы өрісті кеңейтпек

Құс шаруашылығы өрісті кеңейтпек

Ауылдағы нағашымның үйінде екі қораз, қырық шақты тауық жүретін. Қыдырып барған сайын жұмыртқаларын алып кетеміз. Ол ол ма? Әлгі тауықтарды сойып, кәуап жасап береді. Тауықтың саны да азаймайды. Жұмыртқалаған сайын 5-6-АУЫЛын шөжелетеді. Қалған жұмыртқасын көрші дүкенге апарып өткізеді. Кішігірім «бизнестен» бастаған тірлігі бүгінде ұлғайды. Сол ауылдың дүкендерін жұмыртқамен, тауық етімен қамтамасыз етуде. Одан қалды пеште қақталған «грильді» тұрғындарға тапсырыспен жеткізіп отыр.


Нарыққа бейімделу керек
«Бірінші пайда болған тауық па, жұмыртқа ма?» деп ғаламторда сенделгеннен, құс алып оны баптаған әлдеқайда тиімді. Мәселен, сырттан импортталған тауық етін алайық. Дүкен сөрелерінде толып тұр. Қайдан келгенін де білмейміз. Ал, бағасы көңілге қонымсыз. Біреуін алсаң күнделікті ас мәзіріне жетпейді. Себебі, тұла бойы мұз. Мұз болған соң салмағы да ауыр болады. Пісіргенде әлгіндегі майлы еті «піш» болып қалады. Неге? Ең алдымен салмағынан ақы жеу үшін етке ауа мен су айдайды. Солай шығынға қалай батып жатқанымызды білмей де қаламыз. Егер сол құсты өзіміз өсіріп, баптасақ ше? Бір тауықтың өзі кем дегенде күніне 1 рет жұмыртқалайды. Бұл қалтаңызда аз да болса ақша қалды деген сөз. «Ақша тиыннан құралады» демекші, ақырындап құс санын арттырса. Кәсіптің көзін шағыннан бастап, оны дөңгелетіп әкетсе. Қош. Ресейдегі 36 құс фабрикасының өнімін Қазақстанға әкелуге тыйым салынған болатын. Бұл туралы әлеуметтік желілерде жарыса жазды. Мәселе мынада. Халықаралық эпизоотиялық бюросы Ресейдегі Курск, Пенза және Самара облыстарында жоғары патогенді құс тұмауын тіркеген. Ақпаратқа сәйкес, жабайы құстардың келуі мен құс тұмауының қаупінен бұл аумақтардағы эпизоотиялық жағдай өрши түскен. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі былтырдан бастап ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы мем­лекеттік саясатты іске асыру мақса­тында ел аумағына құстың барлық өнімін әкелуге тыйым салды.
Енді қайтпек керек? Әлгінде айтқандай «Екі қолға бір күрек алып» еңбек етпек керек. Жалпы, құс шаруашылығы – ауыл шаруашылығының қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптаса бастады. Бүгінде құстың саны мен жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі. Шетел аспай өзіміздің өңірге оралсақ. Біздегі құс шаруашылығының қарымы қалай?

Құс фабрикасының көкжиегі кеңеймек
Елді мекеннің тіршілігін нарыққа бейімдеу керек. Мәселен, қоңсы қонған Ақтөбе ауылында құс фабрикасын іске қосу биылға жоспарланды. Жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы құрылысы бойынша инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорынның іске қосылуы ауданда азық-түлік өндірісін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сонымен қатар жем қорын дайындауға, қажетті дақылдар егіп, көлемін арттыруға, сол арқылы егіс саласын әртараптандыруға ықпалын тигізеді. Мәселен, кешенді нысанның жұмысы үшін құс азығына күніне 20-22 тонна дақыл керек. Айына 600 тонна құс жемінің қажеттілігі туындайды. Әдетте құс шаруашылығына соя, зығыр, жүгері секілді өнімдер қажет. Фабрика пайдалануға берілгеннен кейін солай жеммен қамтамасыз ету мәселесі өздігінен туындайды. Сондықтан серіктестік құрамы жем зауытын салуды қолға алған. Бұл жоба жем дайындауға қажетті дақылдарды егуге де жол ашады. Ал, серіктестік төрағасы Нұрлан Іздібаевқа құс фабрикасын салу туралы идея шаруашылыққа инкубатор алу ниетінен басталыпты. – Жылына 1500 тонна құс етін өндіретін өндірістің болашағынан зор үміт күтудеміз, – дейді кәсіпкердің өзі. Негізгі бағыты бройлер балапандарын өсіру және құс етін өндіру. Жобаның жалпы құны 1,14 млрд. теңгені құрайды екен. Серіктестік басшысы Нұрлан Іздібаевтың айтуынша, бройлерден неғұрлым сапалы ет алынады. Өнімнің орташа бағасы 650 теңге.
– Құс еті мен жұмыртқасының адам ағзасына тигізер пайдасы мол. Бір ғана жұмыртқаның өзінде 13 түрлі витамин болса, олардың барлығының да адамның өсіп қалыптасуына, ми қызметінің дамып, көздің көру қабілетіне тигізер әсері зор. Бүгінде ішкі нарықта сырттан тасымалданатын құс еті мен жұмыртқасы дүкен сөресін толтыруда. Құс фабрикасының ашылуы, сонымен бірге халықты жұмыспен қамтып, әл-ауқатын түзеуге де сеп болмақ. Ауданымызда ашылатын құс фабрикасы аудан көлемінде ғана емес облыс, республика деңгейінде халық сұранысын қанағаттанадырады деген сенім бар. Ал, ұсақ құс өсірумен айналысатын жеке кәсіпкерлер қазіргі таңда тек құс жұмыртқасын нарыққа ұсынып, халықты сапалы жұмыртқамен қамтуда. Ауданда тауық, үйрек, қаз секілді құстың үш түрінің жұмыртқалары өндіріледі, – дейді аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің маманы Айдана Көздібаева.
P.S
Қармақшы – аграрлы өлке. Өндірісі өрісті, алқабы ырысты, қамбасы күрішті өңірдің өркендеу жолында атқарылып жатқан жұмыстары аз емес. Ал, құс өндіру қолға мықтап алынған. Тек нәтижесін көру ғана қалды.


Айнұр ӘЛИ
30 қаңтар 2019 ж. 1 974 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 258

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 358

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930