» » КӘСІПКЕ БАСТАҒАН ЖОЛДАМА

КӘСІПКЕ БАСТАҒАН ЖОЛДАМА


Өткен жұмада «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалында аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің уақытша міндетін атқарушы Бостан Құндақбаев «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту жобасы бойынша білім алған 42 тұрғынға оқу сертификатын тапсырды.
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты аясында сертификатқа қол жеткізген жастың бірі – Елдар Айдарұлы. Болашағын кәсіппен байланыстыруды жөн санаған ол жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды тауық өсіруді көздейді.
– Ол үшін қаржы институтына несие алуға қажетті құжаттар даярлаудамын. Жаспыз. Талай биікті бағындыруға болады. Мұндай жобаның – ауданда баламасы жоқ. Мақсатым – шағын құс фермасында 2 мың асыл тұқымды тауық ұстап, одан жылына 1 миллионға дейін жұмыртқа өндіру. Бізге жұмыртқа негізінен сырттан тасымалданады. Мемлекет берген мүмкіндікті тиімді пайдалана отырып, неге оны өзімізде өндірмеске. Келешекте мықты кәсіпкер атанып, Ұлттық байқау – «Алтын сапа» көгінен көрінсем. Оқу курсын ұйымдастырған аудан әкімдігі мен кәсіпкерлер палатасына айтар  алғысым шексіз, – дейді ол.      
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА,
«Қармақшы таңы».
12 маусым 2018 ж. 1 110 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

№57 (10425)

02 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 203
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031