» » Бөдене жұмыртқасының пайдасы

Бөдене жұмыртқасының пайдасы

Биологиялық құндылығы жөнінен бө­дене жұмыртқалары тауықтың жұмыртқа­ларын басып­ озады. Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың бір жұмыртқасының­ салмағымен тең бол­са, оның құрамындағы ка­лий мен фосфор­ тауық жұмыртқасынан бес есе көп, ал темір 4, 5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп. Сонымен қатар, олардың құрамындағы ка­льций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасына қарағанда әл­деқайда жоғары.­ Құ­рамы ос­­ын­дай аз­ық­пен жү­йелі қоректенген адамның әр түрлі ау­ру-сыр­қауға қарсы тұрар дәр­ме­ні артып, жү­рек-қантамырлар жүйесі мен асқорыту мү­шелерінің жұ­мысы жақсарады. Сон­ымен бірге, бөдене еті мен жұ­мырт­­қалары адам ағзасынан радиацияны да шығарады екен. Ал жұ­мыртқа құ­рамындағы лейцитин қан­дағы холесте­ринді төмен­де­тетін көрінеді. Егер тәулігіне бөдененің 4-5 жұмыртқасын тұ­рақ­ты тұтынса, ер адамның күш-қуаты ар­тады.  Бөдененің қалыпты дене қызуы 42 гра­дус­ болғандықтан, оның сальмонелез, құстұмауы сияқты жұқпалы дерттерге қарсы тұру қабілеті күшті. Сол себепті оның жұмыртқасын шикілей жұту өте пай­далы. Жапония мен Қытай да бір­неше ғасырдан бері оның еті мен жұмырт­қа­сын­ халық медицинасында пайдаланып келе­ді. Тіпті, Жапонияда мектеп оқушысының таңер­тең­­гі ас мәзіріне бө­де­­ненің екі жұмыртқасы мін­детті түрде енгі­зіледі екен. Бұл балаларды­ бөртпе мен диа­тезден құт­қарады. Баланың ой­лау­ қа­бі­летін арттырады.  Жалпы, бөдене жұ­мырт­қасы анемияға, бас ауруына, демікпе мен туберкулезге, қан қысымының көте­ріліп және түсіп кетуін реттеуге, сал­қын тигенге, тұ­мауға, асқазан, ішек ауру­ла­­­рына, әсіресе, ас­қазан жарасы мен гастрит­ке таптырмас ем. Тіпті, жапониялықтар бө­де­не жұ­мырт­қасын тұрақты тұтынған науқас қатер­лі ісіктің өзінен айығатынын дәлелдеген көрі­не­ді.  Тарихи деректерде бөдене жайында талай қызықтар жазылған. Бөдене еті патшалар мен ақсүйектердің жеңсік асы болған, дастарқанынан үзілмеген. Баланың иммундық жүйесін нығайтуға да септігі зор. Бөдене өсіруді алғаш қолға алған – жапониялықтар. Қазіргі таңда жапон бөденесі, мрамор бөденесі, ағылшын бөденесі, фараон бөденесі атты төрт түрі өсіріледі. Бөдененің жұмыртқасы көптеген сырқатқа шипа. Әсіресе, адам организміндегі темір қалдықтары мен шлактарды тазартады. Бронхалық астма, асқазан аурулары, туберкулез, хроникалық холецистика, жүйке, жүрек ауруларына пайдалы. Бөдене қазаққа таңсық құс емес. Қазақ ертегілерінде де жиі айтылады. Бірақ осы жұдырықтай құстың еті мен жұмыртқасында осыншама емдік дәрумен бар деп кім ойлаған? Еті холестеринсіз, жұмыртқасы дәрумендігі жағынан тауықтан үш есе құнарлы, амин қышқылы, микроэлементтерге бай. 

11 маусым 2018 ж. 1 477 1

JeaCold от 27 ақпан 2019 11:05
Kamagra Plus cheap cialis online Commander Cialis Generique

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031