» » КӨГЕРШІН ӨСІРУ ЕРІККЕННІҢ ТІРЛІГІ ЕМЕС

КӨГЕРШІН ӨСІРУ ЕРІККЕННІҢ ТІРЛІГІ ЕМЕС

Аудан орталығында көгершін асырайтындар көп. Бірақ олармен кездесіп, келген мақсатымызды айта бастағаннан-ақ сұқбат беруден бас тартты. Бірақ Сәлім есімді кептер өсіруші кәсібінің жай жапсарын көрсетуде еш қымтырылмады. Ақкөңіл, ашық жарқындығы соншалық, бізді жылы жүзбен қарсы алып көгершіндерімен таныстыруға қорасының төріне қарай сүйрелей жөнелді. Міне менің байлығым дегендей біріне-бірі жалғасқан кепе сарайындағы кептерін көрсете бастады. Түрік киносы «Асау жүректі» көрген боларсыздар. Сәлім көкемізді түрік киносындағы көгершін асырайтын «құсшыға» ұқсаттық.
Тіпті бұл кісіні кино кейіпкері секілді құсшы Сәлім десек те жарасады. Себебі көкеміздің көгершіндерге деген қызығушылығы сонау мектеп жасынан басталған. Әкесі Қаппар соғыстан кейін жұмысқа жарамсыз болып қалып, кейін есік алдынан үлкен бассейін қазып, құстарға кепе жасап қаз, үйрек, көгершін асыраумен айналысқан екен. Міне, сол әкеден бастау алған құс асырау, бүгінде Сәлім ағамыздың қорасында жалғасып қанатын кеңге жайып жатыр. Қазір құсшының жүзден аса көгершіндері бар екен. Кепенің ішіне кіргенімізде расымын құстар әлеміне енгендей күй кештік. Қаз-қатар тізілген түрлі көгершіндер бізбен сәлемдескендей бастарын изеп жатты. Шетінен әдемі. Пайдасы болмаса зияны жоқ осы бір тіршілік иесіне қарап шаршағаныңды ұмытасың. Ішкі жан дүниеңді тек осылар ғана сезетіндей. Көгершіндерді көру барысында неше түрін кезіктірдік. Сәлім көкеміз әр түрін қолына алып таныстыра бастады.
– Менде қазір көбіне өзбектің шалқар көгершіні, турман, қара, қызыл құйрықты көгершін, бакинцы, ақ көгершін, гүлбадам, тасман сынды түрлері өсіп жатыр. Бұл тұқымдар әр елден әкелінген. Мінездері де әр түрлі. Соның ішінде тасман көгершіні өте бейім келеді. Ал турман кептерінің мінезі ауыр. Бакинцы тұқымы қыстада жұмыртқалай береді. Жалпы кептер тазалықты өте жақсы көреді. Егер тазалығына көңіл бөлмесең тез ауырып қалады, – деді құсшы.
Ауырып қалады демекші көкеміз көгер­шіндерін өзі емдей береді екен. Дәрілерін Алматыдан алдыратын көрінеді. Біздің аймақта сатылмаса керек. Ағамыздың көгершіндерді қатты жақсы көретіні жүзінен көрініп тұр. Оларға балаша қарап, үш мезгіл тамақтандырады. Арнайы жемін де тапсырыспен алдырып, одан бөлек бидай, жүгерімен қоректендіреді. Көгершіндердің бәрі ойынпаз, бір орнында айналып жұптасып ұшып жүр. Аудан тұрғындары той жасап үйленсе, құсшының ақ кептерлерін сұрап алатын көрінеді.
– Көгершіндерімді беретін кезде қатты қадағалап тапсырамын. Өйткені әрбірі мен үшін ерекше. Ішінде бөлек тұқымды кептер бар, олар қымбат тұрады. Оларды көбейту үшін әр қайсысын бір-бірімен жұптастырып тұқым аламын. Тіпті бірінің жұмыртқасын біріне салып бас­тырамын. Сондықтан ұрғашы кептерді көбейтіп ұстаймын, – деді Сәлім көкеміз.
Көгершіндерін қатты жақсы көретіні соншалық бір қызық оқиғасын да айтып берді. Қыстың кезі болса керек, қар қалың жауған екен. Көкеміздің ерекше тұқымды бір көгершіні екі қабатты үйдің шатырына қонып, ұша алмай тұрыпты. Шатырға шығып кептерді ұстап алмақшы болғаны сол екен. Жақындап ұмтыла бергенде көгершін ұшып кетеді. Ал ағамыз болса  төмен қарай сырғый құлап, абырой болғанда жердегі жинап қойған қарға түседі. Осыдан кейін Сәлім ағамыздың көгершінге деген ерекше құрметін байқадық. Кейде көңіл-күйі болмай немесе біреуге қатты ашуланса құстарына барып, бір ауық қастарында болып сырласып, демалып қайтатынын да жасырмады. Әңгімемізді аяқтап енді қайтар шағымызда бір көгершін қораны айналып кепенің жанына қонақтап кетпей тұрып алды. Сөйтсек ағамыздан бір кісі осыдан біраз уақыт бұрын сатып алса керек. Ал кептер болса өзін баптап өсірген иесіне бауыр басып, өскен ортасын қимай жүр екен. Сәлден соң ұшты да, көзден ғайып болды.                                  
       Ерсін СӘДУҰЛЫ. 
08 мамыр 2019 ж. 2 248 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031