» » Бесаспап Болатбек

Бесаспап Болатбек

Көктем басталысымен-ақ дала жұмысына ерте қамданатын Тұрмағамбет ауылына жуырда жолымыз түскен-ді. Ауыл ішіндегі тынымсыз тіршілікті көріп мұндағы жұртшылықтың еңбекқорлығына тәнті болдық. Тіркемесін сүйреткен трактор мен егіс басына жол тартқан көліктердің шуылы шағын ауылды осылайша әнге бөлеуде. Ер азамат егіс басында. Әдетте бізбен тілдесетін ер кісіні жолықтыру оңайға соқпады. Анадайдан ауыл шетінде қыбырлап жатқан техниканы көріп сонда жол тарттық. Темір тырнақтарын жерге жаншыған экскаватор уыс-уыс топырақты сыртқа шағарып жылжып жатыр. Техниканы тізгіндеген жүргізуші аса сабырлы жүзбен бізге бір қарап көлігін бір сәтке демалдырды. Бұл механизатор – Болатбек Сәуенов.


Кейіпкеріміздің айтуынша жұмыс қыста басталыпты. Мұнда үлкен арықтар қазылып, су жүретін көздер тазаланып жатыр екен. Бүгінде егіс басына баратын төрт жарма қазылған. Күріш бітік шығу үшін судан тапшылық көрмеу қажет. Сол үшін биыл шаруашылық көктемгі науқанға кедергі болатын басты жұмыстарды ерте бастап кеткенін айтты.

– Экскаваторға отырғаныма биыл төртінші жыл. Қазіргі техникалар өте мықты. Қыста бұзылып қалады деп қорықпайсың, іші жылы заманға сай жабдықталған. Астымдағы көлік Германияда жасалған. Жұмыс талғап тұрған жоқ, қыста жердің қаттылығы оған түк емес. Емін-еркін басқарып отырасың, – дейді ол.

Болатбек ағамызбен әңгіме барысында бесасапап жүргізуші екенін байқадық. Негізгі мамандығы метеоролог бола тұрып техникаға қызығушылығы ерекше болған. Ауыр техникаға 2000 жылдан бастап отырыпты. Ең бірінші «Енисей» комбайнын сегіз жыл айдаса, одан кейін «CLAAS» комбайнын жеті жыл тізгіндепті. Күзде күріш орып, көктемде жер жыртыпты.

Шаруашылық басшысы Нұржан Пірмантаев өңдеу-жинау немесе басқа да жұмыстарды атқару үшін ауылшаруашылық техникасын тізгіндей білетін механизаторды сырттан іздемейді. Ауылда мектеп қабырғасында-ақ техниканы меңгеруге қызығатындардың қатары көп, егістікте жүргендердің арасында арнайы дипломы жоқ демесеңіз, кәсіби мамандардан кем түспейтін жастар басым екенін айтады.

Бүгінде бесаспап кейіпкеріміздің еңбегі елеусіз емес. Аудан әкімінің марапатына ие болып, «Озат комбайнер» атанған. Алты бала тәрбиелеп отырған ол ер жеткенде ұлдарын ауылшаруашылық саласында еңбек етуге машықтандыратынын айтты. Себебі озық технологиямен қанаттанған саланың ол уақытқа дейін жұмысы әлі де жеңілдей түсетініне сенімді.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
28 сәуір 2020 ж. 1 200 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 126

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 136

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 281

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930