» » ӨНЕРЛІ ЖІГІТ ӨРГЕ ОЗАР...

ӨНЕРЛІ ЖІГІТ ӨРГЕ ОЗАР...

 
 Расымен, ұлтымыздың сонау ықылым заманнан келе жатқан қолөнерін меңгеріп, ғасырлар көшіне жалғап бара жатқан жандарды көргенде қуанасың. Он саусағынан бал тамған өнерлі жандар әр ортаға керек-ақ. Солардың бірі - Әзиз Дүкенбай. Ол әкеден балаға мирас болып келе жатқан жолдыжалғастырушы маман.
- Әулетіміз ұсталықты ұстанған, темірден түйін түйіп, ағаштан бұйым жасап, ата кәсіп қылған «ұсталықпен» елге танылған. Әкем Дүкенбай дүниеге келмес бұрын, атамыз Өтеш түс көрген-мыс. Түсінде, ұсталардың жабдығы саналатын көріктің түбінде қолына балға ұстаған кішкентай бала жүгіріп жүреді. Сол сәтте сақалы беліне түскен, ақ киімді қарт келіп аян береді:  «Ұлды боласың, есімін Дүкенбай» қой депті. Содан әкем дүнеиге келіп, ауылдағы (қазіргі Ақтөбе ауылы, бұрынғы Чапаев совхозы) он жылдық мектепті бітірген соң әке-шешесіне қарасып, ұзақ уақыт шаруашылықта ұста болып жұмыс істеген. Көрік пен темір төсті жанына серік еткен әкем, 1998 жылы ауыр науқастан дүниеден өтті.  Әкеден қалған екі ұлмыз. Ағам ауыл шаруашылығында жұмыс істеп, темірден түйін түйіп, ұсталықты кәсіп қылып жүр. Қазір кәнігі ұстаға айналған. Менде де ұсталық өнер қанға сіңген қасиет болған соң ағаштан түйін түю бала жастан басталды. Соның ішінде жиһаз жасау маған ерекше ұнайтын,- деді шебер.
   Әкеден балаға мұра болып қалған ата кәсіпті, дөңгелете әкету екінің бірінің қолынан келе қоймайды. Осындай кәсіптен несібесін айырып отырған азаматтарымыздың  бары көңіл тойдырады.
  • Бала күнімде ойыншық қаруларды қолдан жасап алатынмын. Кейін
    университетке түсіп, студент атанған сәтте нан табу үшін, сабақтан тыс уақытта да жұмыс істеп жүрдім. Бір күні Бауыржан есімді курстас досым, ұсталыққа ебім бар екенін байқап, жанына жұмыс істеуге шақырды. Одан көп нәрсені үйрендім десем де болады. Оның жеке жиһаз цехы бар еді. Содан бері екеуміз өмірлік досқа айналдық. Тапсырыс болса, тез бітіруге тырысатынбыз. Бұл салаға келуім былай басталды. Қармақшыдан тұрғын үй алғалы өзіме ыңғайлы етіп, жұмыс үстелімді жасауды ойлап жүргенмін. Өз ойымдағыдай етіп жасап шықтым. Үйге келген бір досым жасаған дүниеме қызығушылығын білдіріп, «Вконтакте» әлеуметтік желісінде «Олх Жосалы» деген топ бар, жарнама беріп көр, тапсырыс берушілер болып қалды» деген еді. Ойлана келе, жарнама жасадым. Сол сәттен бастап, бүгінге дейін тапсырыс үзілген емес. Менің ұстанымым-жасаған дүниелерімді мейлінше сапалы, әрі қолжетімді бағада істеуге тырысамын. Сол кезде ғана сұраныс көп болады. Тапсырысты жұмыстан тыс кезде орындаймын. Аллаға шүкір, осы уақытқа дейін істеген жұмысыма көңілі толмаған адам болған емес,- деді Ә. Дүкенбай.
    Әзиз тек шебер ғана емес, Қармақшы аграрлық-колледжінің оқытушысы. Екі жұмыстың басын қатар алып жүру оңай емес екенін білсе де,  еңбектенуден қашпақ емес. Себебі, еңбектенген адам ғана арманына жететінін бала кезден бойына сіңіріп өскен.
    - Арманым- жиһаз өндірісін түпкілікті қолға алып, өзімнің жеке жиһаз цехымды ашып, кәсіпкер болғым келеді. Заманауи жабдықтармен жұмыс істеп, аудан халқының сұранысын қанағаттандырсам деймін. Қазір кәсіпкер боламын деген кез келген адамға үкімет мол мүмкіндік жасап жатыр. Тек талап, еңбек, терең ой және ақыл-қайрат керек,-дейді ұста.
    Шыдамдылық пен тындырымдылықты қажет ететін жұмыста ерінбей еңбегінің жемісін жеп жүрген жанға,  жұмысына тек  береке тілейміз.
    Арайлым АБАЙҚЫЗЫ
     
17 сәуір 2018 ж. 3 329 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031