» » ТЕМІРДЕН ТҮЙІН ТҮЙГЕН

ТЕМІРДЕН ТҮЙІН ТҮЙГЕН

  
 «Тіршілікте адам екі нәрседен жаңылыспауы тиіс. Біріншісі жар таңдау болса, екіншісі мамандық таңдау» дейді дана халық. Мамандық таңдауға біз әлі де аса мән беріп жүрген жоқпыз. Соның салдарынан, жоғарғы оқу орнын бітіріп жұмыс таппай жүрген немесе мүлде басқа салада жұмыс істеп жүрген жастарымызда  аз емес. Қазіргі күні жұрт мұрнын шүйіре қарағанымен сұранысқа ие мамандықтар көп. Солардың-бірі дәнекерлеуші мамандығы. Осы мамандық жөнінде өз ісінің шебері Сайым Дариябаевпен тілдесіп көрген едік.
 -  Өзім жұмыс істейтін дәнекерлеу цехы үйдің жанында орналасқан. Осы кәсіппен он сегіз жылдан бері айналысып келемін. Кәсіпті өз күшіммен бастадым десем-де болады. Көктем, жаз айларында тұрғындар арасында  өте  сұранысқа ие есік, қақпа. Ал қыстың күндері  терезелерге арналған темір торлармен тұрғын үйге жылу жүйесін орнату жұмыстары  «паравой» көп сұралынып жатады. Темірден түйін түйіп, қоғамға қажетті түрлі бұйымдар жасап шығару өзіме ұнайды. Сол себепті өзге салаға бет бұру ойымда жоқ,- дейді маман.
    Өз ісін жандандырып отырған еңбек адамының өмірлік арманы асқақ. Күнделікті тапқан несібесі бүтін бір отбасының еркін тұрмыс-тіршілікте ғұмыр кешуіне жеткілікті екенін айтады. Бұйыртса, алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, қызметін жандандыруды қолға алмақ. Бүгінде цехта тұрғындардың арнайы сұранысына орай, күнделікті тұрмыстық заттар мен өзге де қажетті материалдар әзірленеді. Дәнекерлеу құралдарын жетік меңгерген маман келешекте ұлдарын да осы мамандыққа машықтандырмақ. Қазіргі ер жетіп қалған ұлы өзіне қолғанат болып жүргенін айтты.
Шын мәнінде дәнекерлеуші мамандығы- жақсы мамандық дер едім. Табысы да жақсы. Ешкімге де тәуелді емеспін. Қазіргі күні үш адам болып жұмыс жасаймыз. Бірі ұлым, екіншісі көмекшім. Өскелең ұрпаққа осы мамандықты таңдауға ақыл- кеңесімді берер едім.
Байқағанымыз, дәнекерлеушінің бүгінгі қызметі де әдеттегідей жетіп- артылады екен. Ақауы байқалған көлігінің қосалқы бөлшегін иінге келтіру үшін де бірнеше жүргізуші кезекке тұр. Сөзден гөрі ісіне берік шебер осы жолы да шақыртумен кетіп бара жатқанын айтып, асығыс қоштасты.
              
  Арайлым АБАЙҚЫЗЫ

 
11 сәуір 2018 ж. 1 888 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 043

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031