» » Ресми құжаттарға апостиль қою қызметі

Ресми құжаттарға апостиль қою қызметі


Апостиль дегеніміз – бір құжатқа қол қойған лауазымды тұлғанын қолын, оны растайтын мөр мен мөртаңбаны куәландыратын арнайы мөртаңба.
Апостиль – шетелге шығатын құжаттардың басқа елдерде түпқұжат екенін және құжатқа қол қойған адамның кім екендігін және тиісті жағдайда бұл құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын куәландырады. Апостиль деген ұғыммен шетелдерге уақытша немесе тұрақты мекен-жайын ауыстыратын азаматтар құжаттарын рәсімдеген кезде міндетті түрде жолығады. Апостильдің нысаны кемінде 9х9 шаршы см түрінде жасалған мөртабан болып табылады. Апостиль қоюшы адамдар – апостиль қою жөніндегі функциялар орындауға уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары.
Апостильге қойылған қол мен мөр ешқандай растауды қажет етпейді. 1999 жылы 30 желтоқсанда ҚР Гаагада 1961 жылғы 5 қазанда жасалған Шетелдік ресми құжаттарға заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылды.
Бүгінгі күнге Гаага Конвенциясына әлемнің 138 мемлекеті кіріп отыр. Осы Конвенцияға кірген уағдаласушы мемлекеттердің бірінің аумағында жасалған апостиль басқа да уағдаласушы мемлекеттердің аумағында ұсынылуы тиіс ресми құжаттарға қолданылады.
ҚР Әділет министрлігінің бұйрығымен бекітілген 17 сәуір 2015 жылғы №219 мемлекеттік қызмет көрсету туралы Стандартының әділет органдары мен басқа да мемлекеттік органдардан және нотариустардың құжаттарына апостиль қою туралы стандартына сәйкес, ресми құжаттарға апостиль қою халыққа қызмет көрсету орталықтары бойынша жүзеге асады.
Мемлекеттік қызмет электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде көрсетіледі. Апостиль қою туралы өтініштің электрондық үлгісін толтыру, мемлекеттік бажды төлеу, басқа құжаттарды бекіту бойынша функционал іске асырылған.
Мемлекеттік көрсетілге қызметті көрсету мерзімдері: 1) құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап: – портал – 1 (бір) жұмыс күні; – облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне – 1 (бір) жұмыс күні; – басқа Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне – 5 (бес) жұмыс күні; – ҚР-ның дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өтініштері бойынша – 10 (он) жұмыс күні.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушы
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:
– нысандағы апостиль қою туралы өтініш;
– жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
– апостиль қойылуға тиісті құжат;
– мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат;
– көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда, нотариатта куәландырылған сенімхат;
– басқа мемлекеттік органдар берген құжаттардың қолтаңба мен мөр таңбасының үлгісі.
Апостиль қоюдан бас тартылса, себептері жазбаша түрде көрсетіле отырып, негізделген бас тарту беріледі.

Е.МӘТЖАНОВ,
Қармақшы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі
27 қараша 2020 ж. 772 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031