» » Халықаралық келісім шарт құқығы

Халықаралық келісім шарт құқығы

Халықаралық келісім шарт құқығы халықаралық құқықтың негізі бір саласы болып табылады. Халықаралық шарт құқығы дегеніміз - мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа да субъектілерінің арасындағы халықаралық шарттардың жасалуы, орындалуы және тоқтатылуы жөніндегі қатынастарды реттейтін халықаралық құқық нормалардың жиынтығынан тұратын халықаралық құқықтың бір саласы халықаралық келісім шарт құқығының объектісі халықаралық келісім шарттың өздері болып табылады.
Халықаралық келісім шарт дегеніміз - жазбаша түрде жасалатын мемлекеттердің немесе халықаралық құқықтың басқа да субъектілерінің өзара құқықтары мен міндеттерінің пайда болуы, өзгерілуі және тоқтатылуы мәселелерін реттейтін 2 немесе одан да көп халықаралық құқықтың субъектісі арасындағы келісім.
Халықаралық келісім шарттың мәтінінің астында мүдделі тараптардың қолдары мен мөрлері қойылған, бірінғай келісілген ресми құжат болып табылады.
Халықаралық келісім шарт құқығының келісім шарт қайнар көздері.
1.1969 жылғы халықаралық келісім шарт құқығы туралы Вена конвенциясы. Келісім шарттың түсінігі, түрлері, оны жасау мақсаттары мен тараптардың өзара міндеттерін, келісім шарттың жасау тәртібін орындау және күшін тоқтату мәселелерін реттейді.
2. 1978 жылғы мемлекеттің келісім шарты бойынша мемлекеттің құқық сабақтастығын реттейтін конвенция. Мемлекеттің келісім шарттарды орындаужөніндегі құқық сабақтастық мәселелерін реттейді.
3. 1986 жылғы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар жасау мәселелері жөніндегі конвенция әр мемлекет халықаралық келісім шарттарды жасау мәселелері жөніндегі конвенция. Әр мемлекет халықаралық келісім шарттардың нормаларын өз территориясында қолдану тәртібін конституциясымен заңдарда бекітеді. Осы мәселе бойынша 1995 жылы 12 желтоқсанда халықаралық келісім шарттарды жасау, орындау және денонсациялау тәртібі туралы Қазақстан Республикасының Президентінің заң үші бар Жарлығы қабылданған.
Заңды түрде жасалған халықаралық келісім шарт - осы шартқа қол қойылғандығын мемлекет орындауға міндетті.
Мысалыға келтіре кетсек, Қармақшы аудандық сотының өндірісінде 2018 жылы Қазақстан Республикасының ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен айыпталған С.Кошназаровтың Қырғыз Республикасының азаматына қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталған. Қылмыстық ісі бойынша қабылданған үкімді, қаулыны және атқару парағын «Құқықтық көмек және азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар» туралы 22.01.1993 жылғы Конвенциясының 51-бабының талабына сәйкес, Қырғызстан Республикасының құзырлы органына орындау үшін жолданған.
2019 жылы азаматтық іс бойынша жауапкер Қырғыстан Республикасының азаматы болуына байланысты халықаралық шарттарға сәйкес мемлекет аралық құқықтық көмек көрсету жөнінде сот тапсырмасы жолданып, аталған сот тапсырмасы Қырғыстан Республикасымен орындалып, жауабы келіп түскен.
Сонымен қорыта келе, халықаралық келісім шарт жасау дегеніміз – келіссөздер жүргізу, келісім шарттың мәтінін дайындау, мәтінін үйлестіру мен қабылдау, келісім шартқа қол қою. Оны бекіту, ратификациялау /күшіне енгізу/. Ратификациядан тұратын күрдері процесс.

Қармақшы аудандық сотының
судьясы Лаура Алибекова 
20 қараша 2019 ж. 2 728 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 035

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031