» » Халық аралық шарт жасау

Халық аралық шарт жасау

Халықаралық шарт – бұл халықаралық құқық субъектілерінің, ең алдымен және негізгі орайда мемлекеттер еріктерінің келісілген көрінісі, ол тараптардың өзара мүдделі мәселелері бойынша жасалады және қатынастарды халықаралық құқықтың негізгі қағидаларына сай, өзара құқықтар мен міндеттерді жасау жолымен реттейтін шарттық ережелер болып табылады. Мұнда айта кететін бір жайт, халықаралық құқықтағы шарт шарттық процесс қатысушыларының еркі ғана емес, сонымен бірге бір-біріне маңызы бірдей жол берушілік нәтижесінде пайда болады. Халықаралық шарт құқығының теориясы шарттарды тең құқықты және тең құқықсыз деп екіге бөледі. Халықаралық жария құқық субъектілерінің сапалы шарттық тәжірибелері үшін тең құқықты шарттардың алар орны ерекше екені дау тудырмайды, олар шарттық процесс қатысушыларының тәуелсіздігі мен дербестігін өзара мойындауға негізделеді.
Халықаралық шарт мемлекеттер арасында туындайтын дауларды бейбіт жолмен шешудің жалғыз құралы.
Халықаралық шарттарды жасау дегеніміз – бірнеше жүйелі сатылардан құралатын күрделі процесс, оның күрделілігін шарт объектілерінің күрделілігімен, қатысушыларының табиғаты мен көлемімен, кейбір жағдайларда саяси жағдайдың жағымсыздығымен түсіндіруге болады. Осы шарт процесіне халықаралық шарттың қатысушылар тарапының заңды әрекеттері мен тұтастай бірқатар нақты сатылары кіргізіледі, олар: келіссөздер жүргізуге уәкілетті тұлғаларды тағайындау; уәкілеттерді ұсыну және тексеру; шарттың мәтінін үйлестіру; шарттың жобасын талқылау және қабылдау;шарттың түпнұсқасын жасау; шартқа қол қою; ескертулерді жариялау; шартты бекіту; бекіту грамоталарымен алмасу және депоненттеу; шартты промульгациялау, Біріккен Ұлттар Ұйымында шартты тіркеу.Бірақ бұл шарт процесіне айтылып өткен сатылардың бәрін енгізу міндетті емес. Ол шарттың нысанына, тараптың қатысушыларының алдын ала келісуіне байланысты болады. Халыралық құқықтың кез-келген объектісі халықаралық шарттың объектісі бола алады. Шарттың объектісі оның атауында көрсетіледі. Шарттар көптеген негіздер бойынша топтастырылады. Қатысушылар санына байланысты олар екіжақты, көпжақты, мүше болып кіру жағдайына байлнысты ашық және жабық, реттеу объектісіне байланысты саяси, экономикалық, ғылыми –техниклық болып бөлінеді. Ашық халықаралық шарт дегеніміз - оған мүше болу үшін қатысушыларының арнайы рұқсатын қажет етпейтін шарт, ал жабық халықаралық шарт-мүше болу үшін қатысушыларының арнайы рұқсаты қажет. Жарлықтың 3-бабына сәйкес, халықаралық шарттар мемлекетаралық, үкіметаралық, ведмоствалық болып бөлінеді. Мемлекетаралық-республиканың атынан, ведмоствалық-минстрліктер, мемлекеттік комитеттер және басқа да орталық атқару органдарының, сондай-ақ Президенттікке тікелей бағынышты органдардың атынан жасалады. Халықаралық шарттарды біздің мемлекет халықаралық ұйымдармен де жасай алады.
Жалгасбаева С.Б,
Қармақшы аудандық сотының бас маманы
сот отырысының хатшысы.
29 тамыз 2018 ж. 947 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031