» » Теңiз кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қатысты заң жобасы қаралды

Теңiз кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қатысты заң жобасы қаралды

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Теңiз кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз iс-әрекеттермен күрес туралы конвенцияға 2005 жылғы хаттаманы ратификациялау туралы»»заң жобасы талқыланды. 
Теңiз кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қарсы бағытталған заңсыз iс-әрекеттермен күрес туралы 1988 жылғы негізгі конвенцияны Қазақстан 2003 жылы ратифициялаған болатын. 2005 жылы қазанда Лондонда Халықаралық теңіз ұйымының заңсыз іс-әрекеттермен күрес туралы шарттарды қайта қарау жөніндегі конференциясында Теңіз кеме қатынасы қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз іс-әрекеттермен күрес туралы конвенцияға хаттамаға қол қойылды. Хаттама теңіз кемелеріне террорлық шабуылдардың жиілеуіне байланысты халықаралық террор актілерінің алдын алу және болдырмау үшін халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін күшейтуге шақырады. Құжат Конвенцияға халықаралық теңіздегі кеме қатынасында халықаралық террор актілерін болдырмауға және одан қорғалуына қатысты, сондай-ақ Конвенцияның тиімділігін арттыруға бағытталған өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді көздейді. Одан басқа құжатта лауазымды және заңды тұлғалардың қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық жауапкершілігі, сондай-ақ қатысушылардың ақпаратты беру саласындағы тығыз ынтымақтастығын реттеу туралы ережелер бар. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.


19 ақпан 2018 ж. 1 211 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 303
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 754

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 46

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930