» » Халықаралық шарттар құқығы

Халықаралық шарттар құқығы

Кез келген халықаралық қатынастар халықаралық шарттардың негізінде реттеледі. Ол оның қатысушыларының еркі.
Халықаралық шарттар құқығы халықаралық жалпы құқықтың саласы болып табылады және мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арасында халықаралық шарт жасасу, оның әрекет етуі, сондай-ақ күшін жоюы жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы болып табылады.  
Жазбаша түрде халықаралық шарттар шамамен алғанда бұдан 5мың жыл бұрын пайда болған. Қазіргі кезге жеткен халықаралық шарттардың бірі, ол-б.з.д. Х11 ғасырдың бірінші жартысында Аккад патшасы Нарамсин мен Эламның ұсақ билеушілері арасында жасалған халықаралық шарт.
Халықаралық шарттар құқығы аясындағы алғашқы жүйеленген акт американдық мемлекеттердің конференциясында 1928ж қабылданды. Ол тек Латын Америкасы мемлекеттерінде жүргізілген аймақтық сипаттағы келісім шарттар туралы Гаванна конвенциясы. Халықаралық шарттарды жасауға мемлекеттердің ішкі заңдары да көп үлесін қосады. Қазақстан Республикасында 1995жылы 12 желтоқсанда қаабылданған "ҚР –ның халықаралық шарттарын жасау,орындау және денонсациялау тәртібі туралы "Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы жүзеге асуда (әрі қарай-Жарлық). Бұл Жарлық халықаралық шарттардың ұғымын, түрлерін, оларды жасау, орындау, тоқтату және күшін жою мәселелерін қарастырады.
1969 жылы Конвенцияға сәйкес халықаралық шарт халықаралық құқықпен реттелетін,мемлекеттер арасында жасалған жазбаша нысандағы келісім. Бұл үшін келісімнің мазмұны жазылған құжаттар саны мен нақты атының маңызы жоқ. ҚР Президентінің Жарлығында да осы анықтама көрініс тапқан.
Халыралық құқықтың кез-келген объектісі халықаралық шарттың объектісі бола алады. Шарттың объектісін тараптар өздері белгілейді. Объекті ретінде субъектілердің материалдық, материалдық емес игіліктері және соларға байланысты туындайтын қатынастар, әрекеттер және әрекеттерден бас тартуы танылады.Шарттың объектісі оның атауында көрсетіледі.
Шарттар көптеген негіздер бойынша топтастырылады. Қатысушылар санына байланысты олар екіжақты, көпжақты, мүше болып кіру жағдайына байлнысты ашық және жабық, реттеу объектісіне байланысты саяси, экономикалық, ғылыми –техниклық болып бөлінеді. Ашық халықаралық шарт дегеніміз - оған мүше болу үшін қатысушыларының арнайы рұқсатын қажет етпейтін шарт, ал жабық халықаралық шарт-мүше болу үшін қатысушыларының арнайы рұқсаты қажет. Жарлықтың 3-бабына сәйкес, халықаралық шарттар мемлекетаралық, үкіметаралық, ведмоствалық болып бөлінеді. Мемлекетаралық-республиканың атынан, ведмоствалық-минстрліктер, мемлекеттік комитеттер және басқа да орталық атқару органдарының, сондай-ақ Президенттікке тікелей бағынышты органдардың атынан жасалады. Халықаралық шарттарды біздің мемлекет халықаралық ұйымдармен де жасай алады.
Қ.Шазатов
Қармақшы аудындық сотының бас маманы 
12 наурыз 2018 ж. 3 238 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031