» » Алматы халықаралық туристік көрмеге қатысады

Алматы халықаралық туристік көрмеге қатысады

Алматы халықаралық туристік көрмеге қатысады
Алматы Мәскеуде 13-15 наурызда өтетін MITT халықаралық туристік көрмесіне қатысады. MITT туризм саласындағы ірі халықаралық көрмелердің бестігіне кіреді. Бұл әлемнің туризм индустриясы саласындағы маңызды оқиға, мұнда қысқы және жазғы маусымдардағы соңғы трендтер анықталады. 20 жыл бойы MITT көрмесі жыл сайын 2000-ға жуық компанияны қабылдайды, олар әлемнің 190-нан астам елі мен өңірінен келген.
Көрменің негізгі мақсаты – бизнесті ілгерілету үшін байланыстарды жолға қоюға ықпал ету, бұл үшін дәстүрлі түрде конференциялар, семинарлар ұйымдастырылып, сектордың үздік кәсіпқойларына қолдау көрсетіледі. MITT-ке келушілер – компаниялардың іскерлік саяхаттар, кездесулер мен конференциялар өткізу жөніндегі өкілдері.
Қазақстанның стендін Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы таныстырады. Сондай-ақ, көрмеге Алматы қаласының ірі туроператорлары қатысады: Saaf Travel, Tumar Trans, Transavia Tour және Kazzhol отелі желісінің өкілдері.
Раушан Ибрагимова, Tumar Trans туристік компаниясының директоры: «Біз ішкі туризм нарығында 11 жыл жұмыс істейміз. MITT көрмесіне қатысу – біз үшін алғашқы тәжірибе, біздің міндетіміз – көрме қатысушыларын Алматының туристік әлеуеті туралы көбірек хабардар ету.  Біздің компания медицина, этномәдени туризм және экотуризм бойынша туристік өнімдерді таныстырады. Сондай-ақ, біз Алматы мен Алматы агломерациясында киелі туризм бойынша ұсыныстарды ілгерілететін боламыз».
Қазақстандық стендтің негізгі идеясы оқиғалы туризм болады, ол экотуризмді, белсенді демалысты, сондай-ақ іскерлік туризм мен CityBreak-ті қамтиды. 
02 наурыз 2018 ж. 1 373 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10403)

13 мамыр 2025 ж.

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 748
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031