» » ОҢТҮСТІК ЖАСТАРЫН ШЕТЕЛДІҢ ОҚУ ОРНЫНДАРЫ ШАҚЫРАДЫ

ОҢТҮСТІК ЖАСТАРЫН ШЕТЕЛДІҢ ОҚУ ОРНЫНДАРЫ ШАҚЫРАДЫ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның президенті Жанболат Мелдешовтің мәлімдеуінше, бүгінде шетелге барып білім алуға ниетті азаматтардың саны өте аз.
Оның бір себебі ретінде халықтың «Болашақ» бағдарламасы туралы ақпаратпен қанықпағаны айтылуда. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ы осы мәселені шешу, өзге елге барып білім алатындардың қатарын көбейту мақсатында әлемнің дамыған елдерінің және отандық жоғары оқу орындарының өкілдерін шақырып, Шымкенттегі «Rixos Khadisha Shymkent» қонақүйінде білім көрмесін ұйымдастырды. «Қазіргі таңда өзге елдерде оқитын жастардың 85 пайызы Астана, Алматы қалаларына тиесілі. Енді оңтүстікқазақстандық жастардың санын арттырсақ деген жоспар бар», - дейді Ж.Мелдешов.
Білім және ғылым минстрлігінің қолдауымен өткен «Халықаралық білім беру – 2018» көрмесіне облыс әкімі Жансейіт Түймебав қатысып, қонақтарға өңірдің білім саласындағы мүмкіндіктері мен әлеуетін таныстырды.
«Елбасы әрдайым өзінің халыққа арнаған Жолдауларында жастардың білімді де, бәсекеге қабілетті болу керектігін айтып келеді. Міне, осы мақсатта «Болашақ» халықаралық стипендиясы құрылды. Аталған бағдарлама аясында әлемнің 35-тен астам елінде 12 мыңнан астам қазақстандық азамат білім алды. Бүгінде бағдарлама бойынша білім алған 300-ден астам оңтүстікқазақстандық жас еліміздің экономикалық дамуына өз үлестерін қосуда. Халық саны жағынан көш басында тұрған өңіріміз «Болашақ» бағдарламасына қатысу бойынша да бірінші орында болу керек деп ойлаймын», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
Көрмеге АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа мен Азия және ТМД елдерінің 83 жоғары оқу орындары, тіл үйрету мектептері мен білім агенттіктері қатысты. Олар шара барысында шет тілдерінде еркін сөйлейтін, қабілетті жастарды оқуға шақырды. Көрмеге бірінші күннің өзінде шетелде оқуды армандайтын 4 мыңнан астам жас келді. Сондай-ақ, көрме аясында қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының білім агенттіктері арасында кездесу ұйымдастырылып, «Болашақ» бағдарламасын пайдалану ауқымын кеңейту жайы талқыланды.
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ


23 қаңтар 2018 ж. 1 389 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 422
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 229

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930