» » ШЫМКЕНТТЕ "НҰРЛЫ ЖОЛ" БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 288 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ "НҰРЛЫ ЖОЛ" БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 288 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

«Үйі жоқтың күйі жоқ». Халық даналығы осылай дейді. Бұл әсіресе ірі мегаполистерде қатты білінеді, қабырғаға аяз­­дай батады. Осы түйткілді мемлекеттік бағдарламалар о­ң­­тай­лы шешіп келеді. Күні кеше Шымкентте «Нұрлы жол» бағ­­дар­ламасы аясында 288 отбасы баспаналы болды. Тоғыз қа­батты тұрғын үйлердің құрылысын «Югстройсервис-Н» жә­­не «Шымкентстрой» ЖШС мердігер мекемелері жүр­гіз­ген. Қос нысанның құрылыс жұмыстары 2016 жылы бас­тал­ған болатын.
Пәтер кілттері тапсырылған салтанатты жиында облыс басшы­сы Жансейіт Түймебаев мем­­лекеттік «Нұрлы жол» бағ­­дар­ламасы аясында елге бе­рі­ліп жат­қан тұрғын үйлер Ел­ба­сының ха­лыққа деген қам­қорлығының көрінісі екен­дігін атап өтті.
– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүр­гі­зіп отырған саясатының мақ­са­­ты – әрбір қазақстандық отба­сын же­ке тұрғын үймен қамтамасыз ету. Елімізде соңғы жы­лдары жүзеге асырылып жат­қан «Нұр­лы жол» мем­лекеттік бағ­­дар­ламасы аясын­да облыс ор­­та­лығын айт­па­ғанда, өңір­дің түкпір-түк­пірінде тұрғын үйлер қар­қынды бой көтеріп, жер­лес­те­ріміз жаңа пәтерлерге ие болу­да. Міне бүгін мемлекеттік бағ­дарлама бой­ынша 288 пәтер өз иесін тапты. Биылғы жыл бүгінгі пә­тер иелері үшін қуанышты сәт­тен басталғалы отыр. Сіз­дер­ді қоныстарыңызбен құттық­тай­­мын, шаңырақтарыңыз ба­қыт пен қуанышқа, бала күл­кі­сіне тол­сын, – деді облыс бас­шысы.
Пәтер алғандардың бірі Бауыр­жан Айсағалиевтың қуа­ны­­шын түсінуге болады. Білім са­ла­сында 22 жыл қызмет ат­қар­­ған ұстаз:
– Бұл күнге де жеттік, – деп марқаяды.
– Пәтер тау­қы­м­е­тін тартқандар оның қан­ша­­лықты қиындығын біледі. Бү­гінде Үкіметке артық-ауыс сөз айтып, халықтың көңілін қобал­жы­татындар көбейіп барады. Ел пайдасы үшін ештеңе жасалмай отырғандай көреді. Өз басым дәл Қазақстандағыдай елге қамқорлықты көршілес мемлекеттерден байқай қой­май­­мын. Халықтың әлсіз топ­та­рына жеткілікті көңіл бөлі­ну­- де­. Сондықтан мемлекет қам­қор­лы­ғы үшін Елбасымызға рахмет айтамыз.
Жаңадан пайдалануға беріл­ген пәтер кілттерін тап­сырған об­­­лыс әкімі Айсағалиевтар от­ба­­сы­ның дастарқанынан дәм тат­ты.
Сөз реті келгенде айта кетей­­ік, облыста 2017 жылы аума­ғы 625,789 мың шаршы метрді құ­рай­тын жалпы саны 7500-ге жу­ық пәтер берілген. Оның ішін­де 3 мыңнан астам пәтер «Бәй­терек» АҚ арқылы берілген арендалы тұрғын үйлер болса, 2285 пәтер жеке­мен­шік есебінен алынған тұр­ғын үйлер. Бұдан өзге, жас отбасыларға арналған және сатып алу құқығынсыз берілетін арендалық, сондай-ақ несиелік тұрғын үйлер бойынша 2161 пәтер иелерін тапты.
Мемлекеттік бағдарламалар ұлыстың ұйытқысы атанған Оңтүстікке осындай шарапатын тигізіп жатыр.
Бақтияр ТАЙЖАН

23 қаңтар 2018 ж. 1 440 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031