» » Астана тұрғын үй құрылысына тартылған инвестициялардың көлемі бойынша көш бастап тұр

Астана тұрғын үй құрылысына тартылған инвестициялардың көлемі бойынша көш бастап тұр

Елорда әкімдігінде жаңа мемлекеттік органдарды құру және мемлекеттік өкілеттіктерді қайта бөлуге қатысты орын алатын өзгерістер талқыланды. Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның төрағалығымен өткен кеңесте тұрғын үй құрылысы аясында жүзеге асқан жобалардың қорытындылары шығарылды деп хабарлайды astana.gov.kz.

Кеңесте 2017 жылдың қорытындысы белгілі болып, проблемалы нысандарға қатысты мәселелер көтерілді. Мем лекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Төлеген Құлышев өткен жылы жүргізілген жұмыстың нәтижелеріне тоқталған болатын. Оның деректерінше 2015-2017 жылдар аралығында құрылыстың сапасы біршама жоғарылап, салынып жатқан ғимараттардың сапасына қатысты түскен шағымдар едәуір кеміген. «Заңға қайшы келетін құрылыстың жолы кесілгеннен кейін өз еркімен ғимаратты салу деген де жоғалды. 2017 жылы әкімшілік жауапкершілікке 655 субъект тартылды. Келтірілген залал 114 173 568 теңгені құрады. Бүгінге дейін 520 субъектен 76 363 653 теңге өндірілді. Әкімшілік сот арқылы жауапкершілікке 460 субъект тартылып, 35 815 940 теңге өндірілді», - деп мәлімдеді Т. Құлышев. Өз сөзінде ол соңғы үш жыл ішінде басқарудың әкімшілік тәжірибесі де арта түскенін атап өтті.   «Егер бұрын әр жетінші істің сот пен прокуратура күшін жойса, бүгін ондай факт жоқ. Бұдан бөлек, заңсыз құрылыс бойынша пәрменді санкциялардың жоқтығы салдарынан 2016 жылы құрылысты заңсыз деп тану және оны сүру жөніндегі шағымдарды түсіру ісінің сот тәжірибесі реттеле басталады. Бұрын соттар әкімшілік тәжірибенің негізінде мұндай шағымдарды қабылдамайтын», - деді Т. Құлышев. Спикердің айтуына қарағанда, соттарға жыл баснынан жеке және заңды тұлғаларға қатысты құрылысты уақытша тоқтату, нысандарды пайдалану және құлату жөніндегі 41 шағым түскен. Олардың он алтысын сот қанағаттандырса, жиырмасы соттың қарауында жатыр. 2017 жылдың басынан ведомствоның сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласын қамтитын жобаларды басқару бойынша мекемені аккредитациялау сияқты қосымша функциясы бар. «Үш жылдың ішінде басқарма 3587 лицензияны берді. Ал 2017 жылы 1654 құрылыс лицензиясы берілді. Қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған компаниялардың квалификациялық талаптарға сай келетіндігі тексеріліп жатыр. Білікті мамандардың жұмыс істеуі, арнайы жабдықтармен, техникамен жарақтандырылуы нысандар құрылысының сапасына әсер етеді. Өткен жылы осындай негіздегі 30 лицензияның күші тоқтатылды», - деп атап өтті басқарма басшысы. Әкімдік қаулысының негізінде ақпанда жаңадан «Астана қаласы ортасының бақылауы мен сапасы басқармасы» құрылатын болады. Аталмыш ведомствоға мем лекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау басқармасының функциялары мен өкілеттіктері, архитектура, еңбекті қорғау, тұрғын үй инспекциясы, ветеринария инспекциясына қатысты кейбір сұрақтар, жер қатынастары басқармасының бақылау-қадағалау функциялары беріледі. Алдағы уақытта құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысандарды тексеру кезінде сұрақтар кешенді түрде қамтылатын болады. Инспектор ҚР заңнамасының  архитектуралық-құрылыс, тұрғын үй заңнамасы, еңбекті қорғау, жер заңнамасы және т.б. тұрғысында сақталуын тексеретін болады.  Сондай-ақ проблемалы нысандармен жұмыс бойынша басқарманың қолдауымен ВАК-ның жұмысы аясында 100-ден астам нысанның құрылысы аяқталды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде баспананың 380 мың шаршы метрі пайдалануға беріліп, 6370 адам қоныс тойын тойлады. Төлеген Құлышев құрылысқа үлескерлікпен қатысудың негізгі проблемаларына да тоқталып өтті. Оның ойынша, тиісті рұқсат хатынсыз үлескерлерден ақша жинау, құрылыс компаниясының өз міндеттерін орындамауы, қаржының мақсатсыз жұмсалуы құрылысқа үлескерлікпен қатысудың негізгі проблемалары болып табылады. ВАК жұмысының аясында 2015-2017 жылдар аралығында 100-ден астам құрылыс нысанындағы пәтерлерді заңсыз жолмен сату оқиғаларының жолы кесілді. Осының нәтижесінде құрылыс компаниясының жетекшілеріне қатысты 28 қылмыстық іс қозғалды. Алаяқтық және заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісі бойынша компаниялардың 30 лауазымды тұлғасы сотты болды. Заңды аттаған жетекшілердің 53 нысаны бүгінгі таңда әкімдіктің жіті бақыдауында. Былтыр мұндай нысандардың саны 69-ды құрайтын. «Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлердің заңсыз сатылымының алдын алу мақсатында Астана қаласының прокуратурасы 2017 жылдың қазанында тиісті рұқсатсыз пәтерлерді жарнамалап, сатумен айналысатын құрылыс компаниясының жетекшілігіне қатысты шаралардың алгоритмін әзірледі. Басқарма да бұл бағыттағы жұмыстарын жалғастырып жатыр», - деп түйіндеді Т. Құлышев. Кеңес қорытындысы бойынша Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун ведомствоның жұмысына бағасын беріп, құрылым қызметінің тиімділігін арттыру бойынша осы жылға арналған мақсат-міндеттерді белгіледі. «Құрылыс жұмыстарының көлемі жөнінде айтар болсақ, 2017 жылы бұл көрсеткіш 608 млрд теңгені құраған болатын. Бұл - республикадағы ең үздік нәтиже. Былтыр біз баспананың 2 млн 357 мың шаршы метрін пайдалануға бердік. Соңғы бірнеше жылдағы рекорд міне осы. Тұрғын үй құрылысына тартылған инвестиция көлемі 228 млрд теңгені құрады», - деп мәлімдеді Сергей Хорошун. 

21 қаңтар 2018 ж. 1 220 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 235

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 338

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930