» » ҚАЗАҚСТАН ӘУЕ ТАСЫМАЛЫ БОЙЫНША ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДА ЕКІНШІ ОРЫНДА

ҚАЗАҚСТАН ӘУЕ ТАСЫМАЛЫ БОЙЫНША ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДА ЕКІНШІ ОРЫНДА

Қазақстан ТМД елдері бойынша әуе тасымалы көрсеткішінен екінші орында тұр. Бұл туралы azernews.az хабарлады. Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, Қазақстан әлемдік авиациялық нарықтың толық мүшесі саналады.
«2016 жылы Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы қауіпсіздік шараларын тексеріп, Қазақстан халықаралық талаптардың 74 процентіне сай екенін айтты. Бүгінде біз ТМД елдері ішінде осы көрсеткіш бойынша екінші, ұйымға мүше мемлекеттер ішінде 73-орындамыз. Біз 2020 жылға қарай бұл көрсеткішті 80 процентке жеткізуді жоспарлап отырмыз», - деді министр. Оның айтуынша, былтырғы жылдың қорынтындысы бойынша Қазақстанда әуе тасымалы 21 процентке артқан. «Бұл тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі үздік нәтиже. Оған ЭКСПО-ның да әсері зор. Қазақстан арқылы транзит те 30 процентке артты», - деді ол.  Жеңіс Қасымбектің айтуынша, министрлік республика арқылы транзитпен өтетін жолаушыларды 2020 жылға дейін 1,6 млн адамға арттыруды көздеп отыр.  Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті 2018 жылы Қазақстан жаңа халықаралық рейстер ашатынын айтты. Сонымен қатар 2018 жылы комитет әуе транспорты мекемелеріне әуе тасымалы қауіпсіздігін арттыру үшін 59 сертификация, 434 инспекция жүргізбек. Бір айта кетерлігі, 2017 жылы Қазақстанда 10 жаңа халықаралық әуе маршруты ашылды. 
24 қаңтар 2018 ж. 1 894 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 127

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 136

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 282

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930