» » РЕСМИ ҚҰЖАТТАРҒА АПОСТИЛЬ ҚОЮ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІ

РЕСМИ ҚҰЖАТТАРҒА АПОСТИЛЬ ҚОЮ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІ


Халықаралық қатынастардың дамуы бір мемлекеттің сот органдары құжаттарының басқа мемлекеттің аумағында талап етілуі қажеттілігін туындатады. Апостиль – құжатқа қол қойған тұлғаның қолының нақтылығын, оның осы құжатқа қол қоюға құзіреті бар екендігін және оның қолы бекітілген мөр мен мөртабанның айқындығын нақтылайтын арнайы мөртабан. Ресми құжаттарды апостильдеу - құжатқа қол қойған тұлғаның қолының нақтылығын, оның осы құжатқа қол қоюға құзіреті бар екендігін және оның қолы бекітілген мөр мен мөртабанның айқындығын куәландыруға бағытталған арнайы процесс. Апостильденген құжат шет мемлекеттерге жолданатын құжаттар және жолдаушы мемлекеттің имиджінің көрсеткіштерінің бірі болып табылады. 12 қазан 2017 жылы Мемлекеттік қызмет тізіліміне енгізілген өзгерістерге сәйкес «Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшілігі» РММ-сі «Сот органдарынан шыққан ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша құжаттарды қабылдауға және беруге уәкілетті. Құжаттарды апостильдеуге өтінім түскеннен кейін сот әкімшісінің жауапты қызметкері сот органдарынан шыққан ресми құжаттың шынайылылғын, қол қоюшының қолының сәйкестігін, соттың мөртабанының түпнұсқаға сәйкестігін, арнайы үлгілерге қарап, тексереді.
Осы мемлекеттік қызмет түрін пайдалану үшін төмендегі құжаттар қажет: арнайы үлгідегі арыз; жеке басыңызды куәландыратын құжат көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқамен қоса ұсыну қажет); апостильдеуге тиіс сот органдарынан шыққан ресми құжат; мемлекеттік қызмет пайдаланушы үшінші тұлға болған жағдайда арнайы ностариуспен куәландырылған сенімхат; қызмет пайдаланушының тегі, аты немесе әкесінің аты ауыстырылған жағдайда оны куәландыратын құжат көшірмесі (түпнұсқа тексеру жасау үшін табысталады); мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек.
Сот органдарынан шыққан ресми құжаттарды апостильдеу үшін алынатын мемлекеттік баж туралы деректер:
Стандарттардың 7 тармағына сәйкес қызмет ақылы. Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 540 бабы, 8 тармағына сәйкес, әр апостильденетін құжат үшін, айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызы мөлшерінде баж салығы төленуі тиіс.
Алушы: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі
БСН: – 961040000467
КБК: 108 126
КНП: 3304
Төлем атауы – апостиль қою үшін төленетін мемлекеттік баж салығы.
Сот органдарынан шыққан ресми құжаттарды апостильдеу бойынша қосымша ақпаратты 8/72437/2-29-95 телефон нөмірі бойынша алуға болады.
Е.МӘТЖАНОВ, Қармақшы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі.
19 қаңтар 2018 ж. 1 651 1

JeaCold от 23 ақпан 2019 20:42
No Prescription Meds Cialis Achat Espagne viagra online Ultima Hora Para Tomar Propecia Buying Tadalis Sx Online

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031