» » "БАД" пен бақ

"БАД" пен бақ

Көзің көрмейінше көңілге ештеңе кіріп-шықпайды. Коронавирустың қаһары халықтың хәліне қараған жоқ, қатарымыздан талайын қағытып әкетті. Ел арасында бұралқы сөзге айналдырып, "Аузынан ковид кіріп, ковид шығады" деп маска тақпай, жөтеліп жүретіндерді айтады дегенді естіп өткен жолы бір күліп алғам.
Негізі бұ бәле (коронавирус) жұғам десе ешкімнің бет-жүзіне қарап жатқан жоқ. Жасты да, кәріні де шырмауына салып, әбден сілкілеп, есеңгіретіп тастайды екен. Өзім де онымен бетпе-бет кездесіп қалып, облыс орталығындағы ауруханалардың бірінен бір-ақ шыққам.
Соған дейін тек көгілдір экраннан көріп келген көріністі өз көзіммен көргенде шын шошыдым. Құдай екем ешкімді ауыртпасын, бірақ пневмония деп арнайы аппаратпен демалып, өмір мен өлімнің екі ортасында арпалысып жатқан адамдарды көз көрді.
Сұрықсыз төрт қабырғалы палаталарда бірі дәрігерлерге "жанымды алып қал" деп жанұшыра айқайлап жатса, бірі тіпті иек қаға алмай оттегі аппаратымен дем алып, ауаны әрең жұтып жатты.
Тоба, көзге көрінбейтін пәлекеттің көрсетері осындай болады екен. Содан жан керек, әр науқас алапат антибиотиктерді қабылдадық. Әр палатадан шыққан күрк-күрк жөтелдерден жер шайқалардай еді.
Бір егделеу тартқан апаны сол күні алып келді. Өңі солғын. Сонда ол кісінің адам жанының арашаларына айтқаны: «шырағым, маған ең қымбат дәрің болса да бер, мейлі 100 мың, мейлі 150 болсын барымды берем» деді. Осы сөздерін көк жөтелдің арасында үзіп-үзіп зорға жеткізді.
Дәрігерлер ешкімнен ештеңе сұрап жатқан жоқ, сонда да жаны қиналғанда адамның алақаны ашылады екен. Өзіміз де сондаймыз ғой. Ең соңына жеткенше жүріп, маңдайымыз тасқа тигенде денсаулықтан басқа он жеті мың ғаламды сатып алғымыз келіп тұрады. Қай жерің ауырса, жаның сол жерде тұратыны рас екен. Ауырып, жанымыз көз ұшында тұрғанда ғана денсаулықтың ақшаға сатылмайтындығына көзіміз шын жетті.
Қазір тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде көпшілігі витаминдерді қабылдайды. Олардың пайдасын бірі білсе, біріміз білмейміз. Ағзаға дәрумендердің барлығын тағам арқылы алу мүмкін емес. Оның үстіне дәл осындай эпидемиологиялық ахуал кезінде әрбір ағза дәрумендерге зәру. Ағзаны сыртқы аурулардан қорғау үшін дәрумендер алуды қиынсынып, ауырғанда антибиотикке қаржыны уыстап шаша салатын жаман әдетіміз бар екен.
Антибиотик ауырғанда дертке шипа бола алады. Бірақ дәрумендер дертке жол бермейді. Айырмашылығы осы ғана. Денсаулық – ең қымбат байлық. Сақтаңыз. Сақтаныңыз.
Әйгерім НАЖМАДИН
16 қараша 2020 ж. 342 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 067

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031