» » ЖАНАЙҚАЙ

ЖАНАЙҚАЙ


Түскі үзілістен жұмысқа келе жатқан бетім. Төте жолмен жүрейінші деп жолды қысқарпақ болғам. Көше бойынан “оңбаған, албасты” деп қолына таяқ алып, алдында келе жатқан екі жігітке бағыттап барады. Аузынан боғауыз сөз кетпеді. Айтуға тіпті тіл бармайды… Ашынған ана екені айтпаса да түсінікті. “Миларың уланған,не жетпейді осы сендерге?” деп ұрысып, сөгіп жатты. Әңгімесін бақсақ, жігіттер төбелескенге ұқсайды. Қош, жұмысқа беттеп бара жатқансоң бұл әңгіменің немен аяқталғанын білмеймін. Ертесі күні  Олх хабарландыру парақшасын қарап отырып “аналардың жан-айқайы”деген жазбаға көзім түсті. Өзім де ана болған соң, бұл не қылған жанайқай болды екен деп әлгі жазбаны оқи бастадым. Ол кәнігі хабарландыру емес, аналардың жазған өкпе-реніші. Бұл парақшаны жастар көп оқиды, бәлкім ойланар деген ниетпен жазылғаны көрініп-ақ тұр. Жазбаның мәні мынада. Жас буын “районға” бөлініп жаға жыртысып, бір-бірін соққыға жығады. Тіпті жантүршігерлік жағдайға жеткізіп жатқанын көз көріп, құлақ естіп жүр. Кең байтақ жеріміздегі жігіттерге не жетпейді деңізші?! Соншалықты қатыгез болып бара жатқаны несі? Ойланбай ма екен? Өзінің артынан еріп келе жатқан бауыры, не алдында ағасы жоқ па? Зияны соған тиіп кетеді деп бас қатырмайды-ау... Бүгін біреуді өлімші етіп сабаса, ертең өзі сондай жағдайға түспесіне кім кепіл?
Иә, аналардың жанайқайы да орынды. Баласының кісі қолынан аянышты халде өлуі кімге оңай дейсіз. Тіпті бір үйдің жалғыз баласы, атпал азаматы да осындай төбелестің кесірінен ажал құшып жатқан жоқ па?! Бұған қандай тосқауыл керек? Қазақта “бөлінгенді бөрі жейді” деген бар. “бұл біздің район, мұнда жүруге болмайды” деуден шығады бар бәле.
Бұл жазбаға пікір қалдырушы ана да көп. Барлығы дерлік қатаң шара қолданғанын қалайды. Бірі көпшілік алдында жазаға тарту керек десе, енді бірі істің аяқсыз қалмағанын қалайды, кінәлі жандар тиісіті жазасын алсын деп зар илейді.
Балалардың мұндай іс-әрекетке баруына не себеп? Үйдегі тәрбие дейін десек, ата-ана отбасында мұны айтпайды емес, айтады. Бәлки өзінің араласатын ортасының әсерінен болар. Қазір қоғамды бұзатын да осы дүние. Ортаңыз жақсы болса, сіз жақсысыз. Сіз өз ортаңыздан дара жүре алмайсыз. Дара болсаңыз өзге бір топқа қосыласыз. Сондықтан балаңыздың кіммен, қандай ортада жүргенін қадағалаңыз.
Ақнұр САҒЫНТАЙ.

09 сәуір 2019 ж. 1 552 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 330
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 771

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 92

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930