» » РЕПЕТИТОР РЕПЕТІ

РЕПЕТИТОР РЕПЕТІ

Түскі үзілістен жұмысқа келе жатқам. Алдымда екі қыз кетіп барады. Оларды күнделікті осы уақытта көше бойынан жиі көремін. Әңгімесін бақсам, қосымша сабаққа бара жатыр екен. Мұны «апайдың тапсырмасын орындадың ба?» деп берген тапсырманы талдап, репетиторлық орталыққа бара жатқандарынан байқадым. Иә, бүгінде репетитор жалдайтындардың қарасы көбейді. Ата-ана да мектеп берген білімді азсынады ма, жоқ әлде баласын тереңдетіп оқытқысы келе ме ерік өзінде.
Қазірде мектеп қарбаласқа толы жұмыс істеуде. ІІІ тоқсан аяқталуға жақын. Бұл оқу процесінің ең шешуші, әрі ұзақ тоқсаны. Бітіруші түлектер репетитор жалдап, алдағы келе жатқан ҰБТ сынағына дайындалуда. Оқушылар неге репетитор көмегіне жүгінеді, мектеп репетитор берген білімді бере алмайды ма? Мамандар қалай жауап береді?
– Мектеп ол білімді бере алады, әрине. Дегенмен, әр оқушының қабілеті әрқалай. Кейбір оқушылар зерек болып, ақпаратты тез қабылдайды. Ал, екінші біреулері о бастағы негізгі білімді дұрыс алмағанның әсерінен берген білімді қабылдай алмауы мүмкін. Осы орайда репетитор әр оқушымен жеке жұмыс арқылы оқыту нәтижесінде жақсы жетістікке жете алады. Мен 2010 жылдан бері репетиторлықпен айналысып келемін. Біз әр оқушымен жеке жұмыс істеп жан-жақты талдау жүргіземіз. Оқушыларымыз білім деңгейі жағынан қала оқушыларынан кем түсіп жатқан жоқ, - дейді, ағылшын тілінің маманы Руза Төлегенқызы.
Рас, әр оқушының қабылдау деңгейі әртүрлі. Кейбірі жеке жұмыс негізінде, жан-жақты талдау, мысал келтіру арқылы жақсы түсіне алады. Бірақ мұғалім бір сабақ уақытында әр оқушымен жеке жұмыс жүргізе алмайды. Оны үй тапсырмасы ретінде беруі мүмкін. Дегенмен әрқайсысынан жекелеп сұрауға уақыт тапшы. Сол себептен болар, репетитор жалдап оқытуға мәжбүр. Бір жағынан алып қарасақ, оқушы барлық пәнді терең меңгере алмайды ғой. Бейімділігіне қарай өзінің сүйіп оқитын сабағы болып, басқа пәнге ықылассыз болуы мүмкін. Ал екінші жағынан алып қарайтын болсақ, мұғалімге тікелей байланысты. Оның білім деңгейі мен оқытуда қолданатын әдіс-тәсілі (тактикасы) болады. Бұл да баланың қабылдауына әсер етеді. Педагог сәйкесінше психолог та бола алады. Қай оқушымен қалай жұмыс істеу керек екенін, қандай тапсырма берсе оны жақсы түсінетінін айыру білікті ұстазға қиынға соқпайды.
Репетиторлық әрбірден соң қосымша табыс. Үйде қарап отырмай өзінің адал еңбегімен табыс тауып, қоғамға да пайдасын тигізіп жатқан жоқ па?

Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».
15 ақпан 2019 ж. 1 266 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 239

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 342

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930