» » РЕПЕТИТОР РЕПЕТІ

РЕПЕТИТОР РЕПЕТІ

Мектеп қабырғасындағы оқушы кезім. ҰБТ-ның уақыты да жақындап қалды. Ал, біз жасыратыны жоқ тақалғанда репетитор іздеп әлекпіз. Ол кезде ауылдың әр бұрышынан бірен-сараңы ғана кезігетін. Әдебиетке жақын болған соң ба есепке дайындық керек болды. Анам жетектеп репетитор апайдың үйіне әкелді. 3 ай уақыт сол кісіден қосымша білім алдым. Көзім мен қоса көкірегім де ашылғандай. Әсілінде түсініксіз «цифрлар» менімен достасып, математиканы ойдағыдай тапсырдым. Ал, бүгінде ғаламторды саусағыңызбен шертіп қалсаңыз «мына пәннен, ана пәннен репетитор боламын» дейтін жарнамалардан көз сүрінеді. Қош. Неліктен қазір репетиторға сұраныс көп?
Бүгінде мектеп абыройы мен ұстаз беделін көп айтамыз. Бұрынғы орталықтандырылған білім беру жүй­е­сі заман ағымына қарай әр­тараптандырылды. Соның бірі – ата-ананың қалауына қарай түрлі тәсілдер бойынша ақшасын төлеп, репетитор жалдау. Ең алдымен қосымша білім керек. Нарықты желеу етіп, бірінші кезекке теңгені шығару қателікке ұрындырады. «Білім саудаға түсті. Баламның мектепке деген ынтасы төмендеп кетті. Ал, менің басқалар сияқты мұғалім жалдауға шашымның түгі жетпейді» дейді кей ата-ана. Бірақ, жақында ғана жастар орталығында ағылшын пәнінен тегін үйрету курсы жүргізілген болатын. Жасы мен орта буын үшін де жақсы мүмкіндік еді. Алайда, алғашында аптыға басып барғандардың кейін меселі қайтқанынан да хабардармыз. Оның себебі неде?
– Алғаш курс басталғанда бірінші топ болып 9,10-сынып оқушылары келді. Басында балалардың ынтасы жақсы болды. Бірақ, мектеп бағдарламасының қарбаластығына байланысты сабағын өткізіп алып, келуі тоқтады. Одан соң екінші топқа орта буын өкілдері қатысты. Оларды магистратураға дайындадым. Әзірге тегін оқыту курсы өз жұмысын тоқтатып отыр. Қазір жұмысыммен қатар ағылшын пәнінен қосамша сабақ беремін. Жалпы, репетиторлық керек дүние. Оқушының хоббиі ретінде көңілін сергітеді. Сондай-ақ, курс өз деңгейі бойынша қызықты кітаптар мен аудиожаттығу, видеожаттығуларды ұсынады. Тақырып жеңіл әрі түсінікті болуы үшін қатысушылармен тең деңгейде еркін форматта байланысамыз. Әрі оқушылар ашылып сөйлеуге шынығады, тың нәрсені үйренуге талпынады, – дейді аудандық аграрлы-техникалық кол­ледждің арнаулы пән оқытушысы Дана Дюсекбаева.
Ең алдымен репетитор пән бо­йынша баланың қабілетін біліп алса құба-құп. Содан соң ғана жүйелі түрде дайындаса, жұмысы нәтижелі болады. Әрине, репетиторлардың бәрі бірдей емес. Көк қағаздан гөрі бала болашағын ойлайтын азаматтар баршылық. Бірақ, кей ата-ана баланың болашағы емес, құлағының тыныштығы үшін репетитордың білім-білігіне қарамай, жарнамаға сеніп, «еті сенікі, сүйегі менікі» дегендей тапсыра салады. Бала оларға емес, ата-анаға керек қой. Бірдеңе керек болса ОЛХ-ке кіріп іздей кететініміз бар. Бүгінде дәл солай жасадық. Іздеу сілтемесіне «репетитор» деп жазып едік, жауапқа ұзын-сонар хабарландырулар бірінен соң бірі шығып жатты. Соның бірінен химия және математика пәнінен репетитор болған Қайрат Ахметовты сөзге тарттық.
– Кіші сынып оқушыларын дайын­дау қиынырақ. Көбіне оқушыларды ҰБТ-ға дайындадым. Сұраныс тестілеу жақындағанда көбейеді. Егер оның ынтасы жақсы болса, әрине алып кетеді. Бірақ, репетитор сол оқушыны таңдаған пәніне қызықтыра білуі қа­жет. Әр оқушының өз деңгейі бойын­ша түрлі тәсілдерді пайдаландым. Жаман емес, қосымша берген білімім ақталып, оқушылар жақсы жетістікке жетті, – деді ол.
Жалпы, репетитор білім ісін от­андық стандартқа бейімдеу керек. Қа­лай десек те, мектептегі білім мен дайындық орталықтарындағы әзірлік оқушыны екіұдай ойға қалдырмауы қажет. Қосымша бала оқыту ісін жетілдіреміз деп мемлекеттік білім ошағы мен онда қызмет ететін ұстаздардың беделін түсіріп алмауды бірінші кезекке қойсақ нұр үстіне нұр болар еді.
Алпауыт елдерде бұл іс өзіндік арнасымен дамып келеді. Ол елдегі ұстаз беделі өзге мамандықтардан биік тұратынын ескереді. Өзгенің озығы мен өзіміздің ұлттық білім жүйесін ұштастыра білсек қана ұтарымыз анық.
P.S
– Қазына кімде? – деп сұрапты Абылай хан Бұқардан.
– Бізден сөз кетті ғой, өзің айта берсейші, – дейді Бұқар жырау.
– Мен айтсам қазына байда, басқа кімде болушы еді? – депті Абылай. Сонда Бұқар:
– Үш рет жұт болса, байда қазына қалмайды. Үш рет жау шапса, ханда қазына қалмайды. Қазына білімдінің басында, – деген екен.

Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».

02 қараша 2018 ж. 2 354 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031